• Ақпарат
  • 08 Қараша, 2012

Министр өнер өкілдерімен жүздесті

Таяуда Қазақстан Республикасының Мә­дениет және ақпарат ми­нистрі Д.Мыңбай Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Теміртау қала­сында өнер, мәдениет қайраткерлерімен, шығармашылық ұйымдар басшыларымен кездесті. Басқосу қаладағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында өтті. Кездесуде Дархан Қамзабекұлы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген Елбасының мақаласына кеңінен тоқталды. Мақалада айтылған мәселелер, одан туындайтын міндеттер жайында әңгімеледі. Кездесуге бірқатар өнер ордаларының, атап айтқанда, Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрының, Гоголь атындағы кітапхананың, Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған драма театрының, Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігінің директорлары Жомарт Әбілтаев, Дина Аманжолова, Досжан Жанботаев, Талғат Ыдырысов, т.б. қатысты. Олар мәдениет саласындағы бірқатар мәселелер жайында сөз қозғап, ұсыныстар айтылды. Бүгінгі қоғамда өнер мен мәдениет жаңаша қарқынмен дамып келе жатқаны тілге тиек етілді. Министр кездесу барысында қозғалған мәселелерді жан-жақты талқыға салды. Алдағы уақытта театрлар алыстағы елді мекендерге концерттік бағдарламаларын жиілету керектігі, ел ішінен таланты бар жастарды тауып, оларды білім алуға жетелеу қажеттігі айтылды. Кездесуден соң Д.Мыңбай Тұңғыш Президент­тің тарихи-мәдени орталығын аралап көріп, жәдігерлермен танысты. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ

2529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы