• Ақпарат
  • 15 Қараша, 2012

Студенттермен ой бөлісті

«Қазақ газеттері» ЖШС-ға қарасты басылымдардың өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану және Халықаралық қатынастар факультетінде «Бұқаралық ақпарат құралдары және жастар» атты тақырыбында университет оқытушылары және студенттермен кездесу өткізді. Қаламгер журналистер бүгінгі таңдағы қазақ журналистикасының дамуы, мемлекеттік тілдің жағдайы, еліміздегі экономикалық ахуал, білім, ғылым, өнер, руханият және өзге де мәселелер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Жиынның кіріспе сөзін ашқан «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам өз сөзінде көптеген мәселелерді әңгіме өзегіне арқау етті. «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім қазақ баспасөзінің бүгінгі дамуы жөнінен сыр шертті. «Ақиқат» журналында көтеріліп жүрген өзекті мәселелерді алға тартты. «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай басылымның мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы маңыздылығын айтып, қазақ тілі туралы өз ойын ортаға салды. Студенттер тарапынан мемлекеттік тілге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. «Экономика» газетінің бас редакторы Ахас ­Тажутов басылымның құрылу тарихына тоқталып, оның атқарып отырған қызметімен таныстырып шықты. Еліміздегі экономикалық мәселелерге талдау жасады. «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай көпшілікті журналдың бағыт-бағдарымен таныстырып шықты. Жастарды толғандырған бірқатар мәселелерге тоқталып, жастар поэзиясы мен прозасындағы «Үркер» журналы тұсауын кескен бірқатар жастардың атын атады. Студенттерді «Үркер» журналымен тығыз байланыс­та болуға шақырды. Басылым өкілдеріне студент жастар мен оқытушы­лар тарапынан қойылған сұрақтардың дені мемлекеттік тіл, экономика, қазіргі білім жүйесі, Қазақстанның ха­лықара­лық байланыстары тәрізді мәселелерге арналды. Шара соңында кездесуді жүргізіп отырған Шығыстану факультетінің деканы Баян Жұбатова университетке арнайы келген басылым өкілдеріне алғыс айтып, алдағы уақытта мұндай жүздесулердің көптеп өтіп тұруына тілектестігін білдірді. Дәуіржан Төлебаев

2330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы