• Ақпарат
  • 15 Қараша, 2012

«Тар кезең» – тарих шындығы

Орал қаласында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романының тұсаукесер рәсімі өтті. Романда Сырымның батыр­лығы, даналығы, қазақ үшін істеген ісі баяндалады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кі­тапты қызығушылықпен оқығанын айтып, Қажекеңді 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Қаламгерлер Мереке Құлкенов, Ақұштап Бақтыгереева, Энгельс Ғаббасов, Айтқали Нәріков, Қажекеңнің досы Ғабдрахим Маралұлы, профессор Серікқали Шарабасов және басқалар сөз алып, ой-пікірле­рін ортаға салды. Рафхат ХАЛЕЛОВ Батыс Қазақстан облысы

2789 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы