• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2013

Белсенді өмір сүру керек

Назарбаев-1Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Президент сұхбат барысында еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына жан-жақты тоқталды. «Мұндай ұзақ мерзімді бағдарлама неге керек?» деген сауалдың да жауабын өзі берді. Елбасының айтуынша, барлық мемлекеттер, мысалы АҚШ-та, Еуропалық Одақта, Қытайда және басқа да елдерде осындай ұзақ мерзімді бағдарлама жасалады. Себебі ел, мемлекет, халық қайда баратынын білуі керек. Қазақстан – жас мемлекет. Халықтың орташа жасы отыздың төңірегінде. Сондықтан жастарға бұрынғы тарихты айтудың қажеті шамалы. Мұның барлығын олар оқып біледі. Жастар келешекте не болатынын, Қазақстан қалай дамитынын білгісі келеді. «Біз қайда боламыз, қандай жұмыс істейміз, ертеңгі күніміз не болады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін осындай ұзақ мерзімдегі бағдарламаны жасау қажет еді. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа ­саяси бағыты анықталды. Елбасы «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы жөнінде де айтып өтті. Біріншіден, бұл Қазақстанға деген дүниежүзі мемлекеттерінің зор сенімі. Қазақстанның дүниежүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі. Екіншіден, әлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. Үшіншіден, шараға қатысу үшін елімізге 5 миллоннан астам қонақ келеді. Біздің бизнес осының есебінен мол қаржы табады. Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлауға қатысты да өз ойын білдірді. «Менің ойымша, жергілікті мәселелерді халықтың өзі қатысып шешуі керек. Ол үшін әкімнің құқығы болу керек, әкімнің тағайындалуына халықтың қатысуы болуға тиіс.Ал әкім халық алдында есеп беруі керек» деді бұл жөнінде. Елбасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысты ойын былайша жалғастырды: «Өзін-өзі басқару мәселесі мұнымен тоқталмайды. Әрі қарай әр ауылдың, әр ауданның өзінің шағын бюджеті жасақталады. Сонда ғана мәселелерді шешу үшін мүмкіндіктері болады. Бұл жұмысты тиімді өткізіп, болашақта аудан, облыс әкімдерін жалпылама сайлау арқылы тағайындауға болатын шығар. Бірақ біз бұған асықпауымыз қажет». Елбасы биылғы Жолдауында 2025 жылдан бастап әліпбиді латын қарпіне көшіру мәселесін көтергені белгілі. Осы мәселе сұхбат барысында да сөз болды: «Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын. Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады. Ойлап қараңыз, бүкіл Солтүстік, Оңтүстік Америка, Жерор­та теңізі мен Ақ теңіздің төңірегінде тұратын халықтар, Африка, Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттердің барлығы латын қарпін қолданады. Екіншіден, қазіргі заманның, техниканың, білімнің, ғылымның тілі латын тілінен бастау алып, өмірде қолданылып жатыр. Үшіншіден, біздің жастарымыз қазір жаппай ағылшын тілін оқиды. Орта буынның барлығы да ағылшын тілін меңгеруге тырысуда. Сондықтан көшуге дайындығымыз бар. Мүмкін, 2025 жылға дейін созбайтын болармыз. Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар да кезінде латынша таңбаланған. Сондықтан қазақ тіліндегі барлық әріптер латын алфавитіне бейімделген деп санау керек». Елбасы сөз арасында латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керектігін айтты. Сосын мынаны да ескертіп өтті: «Алдыңғы буын ағалар, жазушылар, ғалымдар «біздің жазғанымыздың барлығы сыртта қалып қояды» деп ойламауы керек. Оның барлығы аударылатын болады. Әрине, оған уақыт керек. Төңірегіміздегі Өзбекстан да, Түркменстан да, Әзірбайжан да осылай істеп жатыр. Ең алдымен арнайы комиссия құрып, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін компьютерге бейімдеу керек. Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс. Тіпті екі-үш әріпті қосып, бір дыбыс етіп айтатын елдер де бар. Неміс тілінде «ш» дыбысын үш әріп береді, француз тілінде төрт әріппен жазылатын дыбыстар бар. Бір сөз неше әріптен тұратынын түсінбейтін кездер де болады. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек. Кириллицаны қосарлана пайдалану белгілі бір уақытқа дейін жалғасатын болады». Кездесуге қатысушы журналистердің бірін Президенттің жұмыс кестесі қызықтырды. «Мазасыз» ырғақта қалай өмір сүретіндігі таңдандырды. Қойылған сауалға орай Елбасы былай деді: «Мен кейде күлемін, маған еріп жүретін адамдар – күзет қызметіндегілер, журналистер, олардың бәрі де жас, бірақ олар кешке қарай сүрініп жығылады, ал мен ештеңені де сезбеймін, өйткені жұмыс еліктіріп әкететіндіктен денсаулығың туралы ойлауға мұршаң да келмейді. Меніңше, Плутархтың айтқаны болды ғой деймін: «Жалқауланып жатып, өзінің денсаулығын дұрыстамақшы болатындар, үнін шығармай-ақ дауыс­тарын күшейтуді ойлайтындар секілді ақымақтық қадамдарға барады». Сондықтан сандалбайлыққа салынбай, белсенді өмір сүру керек. Өмір бұлқынысы ілгері жетелеп, жұмыс еліктіруі және ауыруға уақыт қалмауы тиіс». Сұхбат кезінде Елбасы маман дайындау жайына, әйелдерге қамқорлық жасау мәселелеріне де көңіл бөлді. «Қазақстан халқының 51,2 пайызын әйелдер құрайды және олар маған қолдау көрсетіп келеді, тіпті мені жақсы көретін де шығар. Сондықтан мен шын жүрегіммен біз әйелдер үшін әлі бәрін де жасай алған жоқпыз деп есептеймін. Бізге әлі көп нәрсе жасау керек. Балалар тәрбиелеп отырғандар үшін жұмыс істеудің ерекше жағдайын жасауға болады». Кездесу барысында басқа да маңызды мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Бұл басқосу Жаңа жыл қарсаңында өтіп отырғандықтан Мемлекет басшысы жүрекжарды тілегін де жеткізді: «Бас­тысы, елімізде бәрі де тыныш болсын, Қазақстанның әлемдегі танымалдылығы мен беделі артсын, экономикамыз өссін. Осының бәрінен бір нәрсені жеке бөліп алу мүмкін емес. Елімізде, тұтас нәрсе секілді, бәрі де қалыпты болғаны маңызды». Мұндай тілекке қосып-аларымыз да жоқ. Тыныш заман болсын. Ел беделі арта берсін дейміз біз де. Нұркен Жандәулетұлы

3055 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5801

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5473

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3211

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2597

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2558

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2536

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2270

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2252

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы