• Ақпарат
  • 04 Қаңтар, 2013

«Отан – қуат, отбасы – шуақ»

Назарбаев ----

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті отандас­тар! Енді санаулы ғана минуттардан кейін біз жаңа – 2013 жылға қа­дам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл Қазақ­стан үшін жар­қын оқиғаларға, же­­тіс­тіктерге және жеңіс­терге толы болды. Еліміз жоғары экономикалық өсімге қол жеткізді. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қа­білетті елдер арасында 51-ші орын­ға табан тіреді. Бұл – біздің сөзіміз бен ісіміздің бір арнада тоғыс­қанының, ең бас­тысы, ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара ала­ты­ны­мыздың дәлелі. Біздің мақ­сат­кер­лігіміз Лон­дон­дағы жазғы Олим­пиялық ойын­дар барысында айқын көрінді. Қазақстан құрамасы үздік 12 ел­дің қатарына кірді. Бұл жеңіс қазақ­стан­дықтарды бі­­ріктірудің маңызды факторына ай­налды. Ардақты ағайын! Қазіргі сәтте бар­лы­ғыңыз көте­ріңкі көңіл-күймен мерекелік дас­тарқанда бас қосып отырсыздар. Келе жатқан жыл біздің бе­ре­келі бірлігіміз­ді, жарасымды татулығымызды, үйлесімді тұ­рақтылығымызды нықтай түсетін жыл болатынына сенемін. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді қазақ халқы. Осы бір шуақ шашқан отбасылық мереке баршаңызға бақыт, табыс, шаттық әкелсін! Ел іргесі аман болсын! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын! Астана, 2012 жылғы 31 желтоқсан

9673 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5803

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5475

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3213

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2599

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2560

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2538

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2272

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2254

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы