• Ақпарат
  • 10 Қаңтар, 2013

«Денеге арналған кішкене ерін»

еринКүнделікті тұрмыста қолданатын ұсақ-түйек дүниелерді сатып алғанда расын айту керек, сыртқы бетіндегі аудармасына аса мән бере қоймаймыз. Дегенмен, біз сөз еткелі отырған мәселенің мәні сол сыртқы беттегі жазудан басталады. Жақында бізге Астана қаласының тұрғыны Бақытгүл Назыкеқызы есімді апайымыз хабарласты. Ол кісі қаладағы «Керек-жарақ» деп аталатын дүкеннен жуынғанда пайдаланатын жұмсақ ысқыш сатып алыпты. Бастапқыда аса мән бермеген. Үйге келгесін апайымыздың назары сатып алған тауарының сыртқы аудармасына түседі. «Байқасам бақа екен» демекші, әлгінің аудармасын оқығанда еріксіз күлесіз. Ащы болса да шындық. Белорус елінен әкелінген ысқыштың аудармасы белорус тілінде «Губка для тіла», қазақ тілінде «Денеге арналған кішкене ерін», орыс тілінде «Губка для тела», ағылшын тілінде «Bathsponge» деп беріліпті. Масқараның сорақысы осы емес пе? Қазақта «денеге арналған ерін» деген сөз бар ма екен өзі? «Ерін» адамның дене мүшелерінің бірі емес пе еді? Сонда мына аудармада адамның дене мүшесі тұрмыста қолданатын дүниеге айналып шыға келгені ме? Мемлекеттік мекемеде қызмет ететін, сауатты адам болғандықтан Бақыт апай бұл мәселеге бейжай қарай алмай, әлгі аударманы оқи сала бізге хабарласыпты. «Кедендік Одақ әр елдің егемендігін, суверинитетін, тілін сақтауы керек. Өзіміздің ішімізде де тіліміздің мазақ болғаны жетеді. Ендігі жетпегені шетелдіктердің келеке етіп, тілімізді бұрмалағаны еді» деп, күйінішін жасырмады. Мән-жайды білген соң «Белорус елінен әкелінген тағы қандай тауарлар бар екен?» деген оймен біз әлгі «Керек жарақ» дүкеніне бас сұқтық. Кішкентай ғана дүкенде бұл елден әкелінген әлгі ысқыштан өзге ештеңе жоқ екен. Оған да тәубе дедік. Дүкеншіден бұл тауардың қайдан әкелінгенін сұрап едік мардымды жауап ала алмадық. Бар болғаны «бізге бір компания әкеліп тұрады, атын айта алмаймын» деп қысқа ғана жауап болды. Бұл дүкенге түскен дүние елордалық басқа дүкендерге де әкелінбесіне кім кепіл. Осы оймен біраз дүкендерді аралап, белорус елінің өнімдерін іздеп көріп едік, абырой болғанда барған дүкендеріміздің ешқайсысының сөрелерінен бұл елдің тауарларын байқамадық. Десе де, тек бұл ел емес, біздің тілімізді бұрмалап жүрген тағы бір ел бар екен. Ол Германия болып шықты. Германияның Мернберг қаласынан шығарылатын үй шаруасына пайдалануға арналған термоперфорациялы әмбебап сүрткіш шүберегінің қазақша аудармасындағы қатеден көз сүрінеді. Мәселен орыс тілінде бұл былай берілген: «Аквалайн Универсальная салфетка с термоперфорацией. 6 шт. Салфетка подходит для всех видов домашних работ. Благодаря перфорации салфетка хорошо впитывает влагу и удаляет пыль, не оставляя следов благодаря специальному волокну обладающему высокой очистительной способностью. Гигиенично, легко стирается. Долго служит». Енді қазақшасына қараңыз: «Үйде тазалау үшін әр мақсатпен қолданатын, термоперфорация жүйесі арқылы сору қабілеттігі аса жоғары 6 ыдыс және басқаларды сорып тазалау шүберектері. Құрамындағы арнайы қосымша жіптері осы бұйымға өзінің басқаларға ұқсамайтын, түрлі қолдана алыну сипатын береді. Ыдыс тазалау үшін, суды сорып тазалау үшін, шаң сүрту үшін осы лайықты жүйесі арқылы шүберек әртүрлі мақсатпен қолдана алынады» депті. Осыларды оқып отырып шошисың. Ана тілімізді осылай келемеж етуге бола ма? Мұндай сорақы, сауатсыз аудармалардың орын алуына кім жауап береді? Халыққа ұсынылатын заттарды қадағалайтын орындар қайда қарап отыр? Бейбітгүл ИСАЕВА

2906 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5642

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5380

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3120

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2509

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2468

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2446

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2178

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2164

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы