• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

«Ауа райының» болжамы қандай?

погодаБұл заман ақпараттың заманы, ақпаратқа сүйенген, ақпаратқа қалтқысыз сенген заман. Ақпаратсыз күн көре алмайсың. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын беріліп жататын сан түрлі ақпарат еш күмәнсіз ақиқат болуға тиіс. Ақиқаттан сәл алшақ шыққан ақпарат халықты сан соқтыртып, алдап соғады. Ағын судай тасқындап жататын сол ақпараттардың бірі – ауа райы туралы мәлімет. Ауа райы туралы ақпаратқа тыңдарман һәм көрермен жұрттың әбден етене болып алғаны сонша, таңертең ерте сол мәліметке қарап сән түзейді, киімін де сол күні болатын ауа райының жағдайына қарай киіп шығады. Ауа райы туралы мәліметте жылы болады делінсе, жеңіл киініп, суық болады делінсе, жылы киімін киіп алады. Күн ашық болады деп жатса, қолына қосалқы ештеңе ұстамай тарта береді. Ал жауын-шашын болады десе, жейдесінің сыртынан тағы бір киім киіп, қол шатырын ала шығады. Ауа райы туралы мәлімет әншейін жай айта салатын, атасы басқа ақпарат емес. Бұл тылсым қасиеті жоқ, әр адам үшін өте қажет. Солай бола тұра еліміздің телеарналары ауа райы туралы мәлімет таратуға салғырт қарайды. Бір мезгілде сөйлеген әртүрлі арна бірі бас десе, екіншісі құлақ деп жатады. Тіпті республикамыздағы басты-басты он шақты телеарнаның әрқайсысы ауа райын өзінше құбылтып отырады. Теледидарға күн құрғатпай үңілетін қарттар мұны жиі байқап қалады. Нақты мысал келтірер болсақ, 2013 жылғы 8 қаңтар күні кешкісін «Хабар» телеарнасынан ертең, 9 қаңтарда күн ашық, температура күндіз -3, түнде -12 градус болады деп хабарлады. «Еуразия» телеарнасы күндіз +3, түнде -9 градус деді, 31-ші телеарна күндіз 5 градус жылы болады деп болжады. Осы хаттың авторы «Хабар» арна­сының айтқанына сеніп, 9 қаңтар қүні таңертең үйден жылы киініп шыққан еді. Түске қарай терлеп-тепшіп, ыстықтап келді. 31-ші телеарнаның болжамы дұрыс болған сияқты. Өйткені күн өте жылы болып, қар күрт еріп жатты. Ауа райын болжап айту еріккеннің ермегі емес. Сондықтан әр телеарна ауа райы мәліметіне жауапкершілікпен қарауға міндетті деп білемін. Е.Мұхамбетов Алматы

3617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5701

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5414

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3153

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2541

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2501

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2478

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2211

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2196

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы