• Руханият
  • 17 Қаңтар, 2013

Әлемді алаңдатқан астероид

кометаАдам баласы ғылым-білім жағынан қанша мықты болса да, кей жағдайда жойқын апат келеді, тіршілік атаулы тегіс жойылады, ақырзаман болады деген ақпараттарға оңай алданады. Мұндай әңгіме осыған дейін қанша мың жыл бұрын пайда болғанын да білеміз.  Жердегі тіршіліктің жойылуы төбеден түсетін аспан денелеріне де байланысты. Осыған дейін Жерге түскен көптеген метеориттер болған. Ғалымдар Жердің аса ірі аспан денесімен соқтығысатынын есептеп, бірақ соқтығыспай қалып та жатты. Енді қазіргі алаңдатып отырған Апофис атты астероид екен. Мамандардың есептеуінше бұл астеройд 2029 жылы жерге жақын аралықтан өтетін көрінеді. Арақашықтық 36 мың 700 не болмаса 38 мың 600 шақырым болмақ. Ал 2036 жылы осы астероид жерге 2 мың шақырымға дейін жақындайды. Егер осы үлкендігі 10 шақырым, салмағы 46 миллион тонна болатын Апофистің қозғалу бағыты ауысып, Жермен соқтығысса, жердегі бүкіл тіршілік атаулы жойылып кетуі ықтимал деседі ғалымдар. Оның жарылыс қуаты мыңдаған атом бомбасының бір уақытта жарылуына тең болмақ. Ғалымдар егер Апофис Жерге соқтығысып қалса, ақырзаман сонда болатынын айтып отыр. Ғалымдардың алдында тұрған осы күрде­лі мәселені шешу үшін ғарыштық «Апофис» аппараты даярланып, ол 2012 жылы ғарышқа ұшырылды. Негізгі мақсат келе жатқан астероидке оның жүру бағытын қадағалап отыратын радиомаяк орнату. Жерге келер апаттың алдын алу үшін ғарышқа тағы да бірнеше жер серіктерін ұшырмақшы. Дегенмен, мұның өзі қауіптің алдын алуға мүмкіндігі жетпейді. Ұшып келе жатқан аспан денесін жойып жіберу үшін зымырандарды қолдануға болады деген де пікірлер айтылған. Бірақ есеп бойынша оған тиген зымыранның соққысы ұшақты таспен атқандай әсер ететін көрінеді. Қазіргі кезде ғалымдар жерге қауіп төндіретін аспан денелерін қалай жойып жіберуге болатындығын ойлап бас қатыруда. Оның тағы да бір ­амалы – қуатты лазерлік зеңбірек жасау. Алда-жалда әлгі астероид жерге жақын келе қалса, сол лазерлік зеңбіректерден шыққан сәуле оны балқытып, бағытынан тайдырып жіберуге күші жетеді дейді ғалымдар. Бірақ мұндай ғаламдық мәселемен айналысуға бір елдің мүмкіндігі жетпесі анық. Сондықтан Ресейдің ғалымдары АҚШ-ты осы мәселеде бірлесе әрекет етуге шақыруда. Бірақ саясаткерлер оңтайлы шешімге келе алмай отырған көрінеді. Исатай Қорғанбаев

3559 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5655

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5389

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3130

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2518

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2477

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2455

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2188

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2173

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы