• Ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2013

«Жұлдызды аспан - жазылған кітаптайын...»

Таяуда белгілі журналист, дінтанушы Нұрлытай Үркімбайдың «Жұлдызды аспан - жазылған кітаптайын...» атты кітабы жарық көрді. Жинақ авторы қоғамымызда ғана емес тұтас әлемде қалыпты үдеріске айналып бара жатқан рухсыздану кесапатының себеп-салдарларына тоқталады. Адам жанының арашашысы – бір Аллаға деген мінажат екендігін еске салады. Сол Алланың жаратқан дүниелерінің кей тұстарда кісінің ақыл-ойы жете бермейтіндей терең мағынаға ие екендігіне меңзей отырып, замандастарын Мәңгілік Құдыретті оның «көлеңкесіне қарап» (Абай) танып-білуге шақырады. Сахабалар өмірлерінен деректі әңгімелер өрбіте отырып, Хақ жолда болғандардың бақыттылығын баяндайды. Оқырманын алдамшы әсемдіктерден бастартып, өз бойындағы және ғарыш дүниелеріндегі сұлулықтарды тануға шақырады.  Кітап жас ұрпақтың рухани тәрбие саласын жақсартуды көздейді. Оның бірінші бөлімінде автор бүгінгі таңдағы «әлемдік экономикалық дағдарыс», «қымбатшылық толқыны» сияқты жағдаяттардан еңсесі басылып кеткен замандастарын сабырға, әр нәрсеге шүкірлік етуге шақырады. Тұрмыс тапшылығының соншалықты ауыр қайғы еместігін еске салады. Мысалы, «Нығметке толы бір жұтым ауа» атты деректі әңгімесінде ғылыми нақты деректерді молынан келтіре отырып, автор бар болғаны бір-ақ жұтым ауаның, ал Су нығметіне арналған эссесінде таза судың адам өміріндегі маңызына тоқтала келіп, осындай шексіз байлықты адамзатқа сыйлап отырған Жаратушыға алғыс айтып, осынау табиғи байлықтарды қолдан келгенше таза ұстауға үндейді. Ысырапқа жол берудің теріс жақтарын еске салады. Ал «Аралар туралы ақиқат» және құмырсқалар өміріне арналған келесі деректі әңгімелерінде әлемдік биолог ғалымдардың осы салалардағы ашқан толып жатқан жаңалықтарына тоқтала келіп, барға қанағат етіп, адал еңбектері арқылы қыстық азығын жаздан бастап, тірнектеп жинайтынын, ең бастысы құмырсқалар үйірінің бір-бірінің «шаруашылықтарына» қылаудай қиянат жасамайтынын ғылыми дәлелдер арқылы баяндайды. Автор күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу тәртібінің өзі адамзат өмірі үшін қолайластырыла жасалғанын нақты ғылыми тұжырымдар арқылы оқырмандарына жеткізе білген. Айналамыздағы барша табиғат, бүкіл жаратылыс атаулы адам баласының бақыты үшін қызмет етіп тұрғанда, болмашы бір тұрмыстық түйткілдер үшін налып, нан табудың жолында өкпешілдікке салынып, сол арқылы рухани көздерімізді тұмшалап қоймауымыздан сақтандырады. Мынау жарық әлемнің сұлулығын ұмытпауды, оларды осыншалықты әсем үйлесіммен жаратқан ұлы Жаратушыға алғыс айту керек екендігін еске салады. Нағыз сұлулық, шынайы рухани азық әдепсіздікті, қатыгездікті насихаттайтын теле сериялдар мен арзан теле концерттерде емес, керісінше айналамызды қоршаған табиғи жаратылыстар мен біздің өз болмысымызда екендігін еске салады. Әртүрлі ғылым салалары бойынша ашқан жаңалықтарына әлем ғалымдарының тамсана таңдай қағатынын баяндай келіп, бұл ғылыми ғажайыптар жөнінде осыдан 14 ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып өткенін тұжырымдайды. Әрбір азаматтың өз көкірек көзін ашып, барға қанағат ету қасиетін жадынан шығармауын, ал жақсылыққа тек өзара сыйластық пен адал еңбек арқылы ғана жетуге болатынын айтады. Бұл идея­сын автор жинағының екінші бөлімінде, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың замандастарының бір-біріне деген адал достықтары, еңбекқорлықтары, қанағатшылдықтары туралы баяндай отырып, жеткізе білген. Жинақтың үшінші бөлімінде бүгінгі қазақ отбасындағы кейбір жетістіктер мен келеңсіздіктерге тоқтала отырып, шаңырақтарын шайқалтпастан ұстай білген, шариғатты басшылыққа алған ата-әжелеріміз жайлы сөз қозғайды. Автор бала кезінде өзі куә болған сондай сүттей ұйыған қазақ отбастарын мысалға алады. Жинаққа енген эсселер мен деректі әңгімелердің барлығы да республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттері және «Қазақстан» журналының редакциялық сараптамаларынан өтіп, сол басылымдарда жарық көрген дүниелер. Кітап «Өнер» баспасынан жарық көріп отыр. Асылбек Қараров, тарихшы

2919 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5640

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5379

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3119

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2508

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2467

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2445

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2177

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2163

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы