• Ақпарат
  • 07 Ақпан, 2013

«Мәңгілік Ел» – ортақ мұрат

Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл Жолдау Қазақстан халқының болашақтан күтетін нәтижелерін анықтаумен ерекшеленді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы отыз үш жылдың ішінде емес, он бес жылдың ішінде орындалғанына бүгін куә болып отырмыз. Елбасы атап өткендей, Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Енді Елбасы дамыған 30 елдің қатарынан көрінетін Қазақстан қандай болуы керек, қандай басымдықтар жүзеге асырылуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеп, ел алдына жоғары міндеттер қойды. Бұл міндеттердің орындалуына, Қазақ елінің тыныштығының сақталуына, экономикасының күшеюіне әрбір қазақ азаматы мүдделі екеніне тоқталды. Елдің мықты экономикасы мемлекеттің алғышептілігін көрсетеді. Кез келген бастамада рухани күш-жігер, ортақ мұратқа ұмтылу, туған елге деген шынайы, шексіз сүйіспеншілік те жатыр. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында қазақстандық патриотизм көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екені айтылған. Осы бағытта атқарылатын шаралар мемлекеттік бірлікті, қоғамдық келісімді нығайтуға арналмақ. Осы ретте Елбасы Қазақ елінің бар­лық азаматтарына алты үлкен міндет арт­ты. Біріншіден, артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтың жат жұртта емес, өз елінде өсіп, өмір сүруге құмартуын арттыру, соған жағдайлар жасау, туған жерінің иесі екендігін сіңдіру. Екіншіден, барлық этностар құқықтарының теңдігін сақтау. Үшіншіден, қазақ тілі мен үштұғырлы тіл саясаты. Елбасы қазақ тілі біздің рухани негізіміз екенін, еліміздің болашағы қазақ тілінде екенін, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мем­лекеті» деп атай алатынымызды атап өтті. Мұндай сөздер көпшіліктің күткені еді. Сондай-ақ ағылшын және орыс тіл­деріне де терең мән беру алда тұрған мін­деттердің бірі саналады. Төртіншіден, мәдениет, дәстүр және даралық. Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып, ішкі тұтастықты бұзуға дәмеленген рушылдық, жершілдік секілді алып-қашпа әңгімеден бойды алыс ұстауға ша­қырды. Қарға тамырлы қазақтың түбі бір екенін әрқашан есте ұстау керек. Бесіншіден, ұлттық интеллигенцияның рөлі. Алтыншыдан, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін туралы ойлану керек. Дін туралы сөз қозғалса көптеген тақырыптар ортаға шыға келетіні белгілі. Өйткені қазіргі кезде дін мәселесі ушы­ғып кетейін деп тұр. Жастар дәстүрімізде жоқ діни ағымға салынуды әдетке айналдырып барады. Қолжетімді ақпараттар легі, жаһандық әлемнің әсері терең имму­нитетті қалыптастыруды қажет етеді. Елбасы атап өткендей, діни таңдау жасауда ішкі «сүзгінің» болуы – ең басты қажеттілік. Ішкі сүзгі қалыптасуы адамның өмірлік салты, тұрмысына байланыс­ты. Оны қалыптастыруда, әсіресе қазақ аналардың орны ерекше. Ежелден қазақ халқы өз қызын еркін өсіріп, сонымен қатар ибалы етіп тәрбиелеген. Ал қазіргі кездегі тұмшаланған қыз-келіншектердің ерсі көрінісі, әрине, біздің мәдениетке жат екенін түсінуіміз керек. Сондай-ақ Елбасы Қазақстандағы экстремизм мен терроризмнің өзіндік ерекшелігін нақты айтты. Бұл теріс пиғылды әрекеттерде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Сондықтан кез келген дін атын жамылған экстремистік, террористік әрекеттерді бірінші кезекте қылмыстық іс ретінде қарастыруға назар аудару қажет. Қазақстанның алдағы қырық жыл тәуелсіз дамуы қандай болады? 2050 жылғы Қазақстанның жаңа келбетін танытатын, болашақтың ақиқатын Елбасы қалай көретініне көз жүгіртсек, біріншіден, 2050 жылғы Қазақстан үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы. Екіншіден, 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы. Жер жаһанды еркін кезіп, ғылым-білім іздеп, өз елінің табыс­тарын әлемге әйгілі ететін патриот қа­зақ азаматтары еңбекке негізделген қоғам құрады және еңбектің арқасында алдыңғы қатарлы 30 елдің құрамына кіреді. Жолдауда айтылғандай, біз бәріміз бір атаның ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл  дүниеде біздің  бір  ғана Ота­ны­мыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін. Айнұр ҚҰРМАНАЛИЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор

8660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5750

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5442

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3180

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2568

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2528

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2506

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2239

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2223

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы