• Ақпарат
  • 07 Ақпан, 2013

Еселі еңбектің лайықты бағалануы

Жақында белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, еліміздің саяси ғылымының негізін салушылардың бірі Раушанбек Әбсаттаров Диаспоралардың жаһандық зерттеулерінің әлемдік ассоциациясының вице-президенті болып сайланды. Бұл жағымды жаңалықты ести салып, ғалымның өзімен хабарластық. – Жаңа қызметіңіз құтты болсын! – Рахмет. Бұл менің еңбегімнің ғана емес, еліміздің саяси ғылымының бағалануы, соған берілген жоғары баға деп есептеймін. Былтыр жазда Оңтүстік Корея­да әлемдік диаспоралардың жиыны өткен болатын. Оған әлемнің 15 елінен уәкілдер қатысты. Орта Азиядан қатысқан жалғыз мен болдым. Сол жиында Диаспоралардың жаһандық зерттеулерінің әлемдік ассоциациясын құру туралы шешім қабылданды. Ал осыдан бірнеше ай бұрын мені осы ұйымға вице-президент етіп тағайындау туралы ұсыныс келіп түсті. Мен «Егерде сіздер Қазақстанның ұлтаралық саясаттағы жетістіктерін жоғары бағалап отырсаңыздар, қарсы емеспін» деген пікірімді білдірдім. Жақында осы ұйымға вице-президент болып сайланғаным туралы хабар келді. – Ассоциация қандай қызметтер атқарады? Алдағы жоспарлары туралы айтып өтсеңіз? – Бүгінгі таңда этносаралық, ұлтаралық мәселелер бүкіл әлем қауымдастығын алаңдатып отыр. Түрлі шиеленісті оқиғалар, қақтығыстар – осылардың негізінде ұлтаралық келіспеушілік мәселелері жатыр. Осы күрделі мәселелерді қалай шешеміз? Тығырықтан шығудың жолы бар ма? Біз бұған ғылыми тұрғыдан жауап іздейміз. Ұйым құрудағы бірден-бір мақсат та осы. Сонымен қатар әлемдік жаһандану жағдайындағы түрлі этностардың, диаспоралардың дамуы, оларды толғандырып отырған мәселелер де назардан тыс қалмайды деп сенемін. Биыл халықаралық ұйымның алғашқы съезін өткізу жоспарланып отыр. Елімізде жеке саяси мектебін қалыптастыруда зор еңбек сіңіріп жүрген Раушанбек Әбсаттаровтың ғылыми еңбектері тек елімізде ғана емес, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланып жүр. Еселі еңбектің тағы бір лайықты бағалануы осы болса керек. Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

4032 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5447

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3185

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2573

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2533

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2511

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2245

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2228

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы