• Білім және ғылым
  • 07 Ақпан, 2013

Ғылымға қамқорлық

Жетпіс жылдан астам өмір сүрген Кеңес Одағы ыдырап, әр республика тәуелсіздігін алған алғашқы күндерінде «Енді қандай күйде боламыз?» деген дүдәмал ой болғаны рас. Біздің ел де осы күйді бастан кешті. Өйт­кені зауыт, фабрика, басқа өндіріс орындары тоқтап, бұрынғы Кеңес Одағын­дағы бар­лық байлық «үлкен үй» Ресейде қалған бо­латын. Дәл осы кезде елді тығырықтан алып шығатын тұлғаны халық өзі таңдап, ел тағ­дырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырды. Содан бері қыруар істер атқарыл­ғандығына бәріміз де куә болып отырмыз. Елбасы өз Жолдауында білім-ғылым саласына баса мән берді. Мен осы салада 45 жылдан ар­тық еңбек еткен­діктен, оқу жүйесінің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстырып отырамын. Соңғы он жыл ішінде, әсіресе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар бар. Атап айтар болсақ, ғылым саласында университет әлем елдерінің оқу орындарымен тығыз қауымдастыққа еніп жұ­мыс атқарып келеді. Мысалы, биология және биотехнология факультетінде биотехнология, биофизика, биомедицина, нанотехнология, генетика, молекулалы биология салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сан алуан. Осының бәрі Елбасының ғылымға деген қамқорлығының арқасында. Астанадағы Н.Ә.Назарбаев университеті халықаралық стандартпен оқытатын оқу орындарының ішіндегі білім ордаларының үлгісі деп айтуға болады. Келешекте еліміздегі жоғары оқу орындары осы үлгіге көшулері керек. Біз осыдан 15 жыл бұрын қабылдаған Қа­зақстан дамуының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында белгіленген межені мерзімінен бұрын орындадық. Еліміз толық қалыптасқан, бүкіл әлем танитын мемлекетке айналды. Енді дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа бағытын белгілеп, іске кірісіп отырмыз. Осының барлығы көңіл қуантарлық жақсылықтар. Нұртай Торманұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры

2925 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5819

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5485

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3223

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2609

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2570

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2549

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2282

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2264

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы