• Мәдениет
  • 29 Қаңтар, 2009

Орыс театрында «Көктебедегі кездесу» қойылады

Лермонтов атындағы акамедиялық орыс театрына ҚР мәдениет және ақпарат министрі  М. Құл-Мұхаммед келіп, ұжымның бүгінгі жағдайымен танысты. Министр театр сахнасын, гримерлік бөлмелерді, жаңадан орнатылған автоматты жылу жүйесін, түрлі декорация жасайтын цехтарды аралап көріп, өзінің ризашылығын білдірді.

ҚР мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед «Бұл ғимарат 40 жыл күрделі жөндеуден өтпеген. Мұндағы көрермен отыратын залдар, сахналық құрал –жабдықтардың әбден тозығы жеткен болатын. Сондықтан біз осы театрды күрделі жөндеуге жабуды ұйғарған едік. Енді міне театр жөндеуден өтіп, көрермендерін қайта қуантып отыр. Қазір ғимараттың іші де, сахна құрал жабдықтары да, техника да бәрі жаңа. Бұл техникалық жабдықталу жағынан Орта Азиядағы ең әсем театрдың қатарына жатады. Ғимаратты жөндеуге 1,5 миллиард қаржы бөлінді. Биылғы жылдан бастап барлық шығармашылық ұжымдардың еңбекақысы 25 пайызға өсті»,–деді. Театр директоры Ю. Якушевтың айтуынша, ғимарат ашылысымен театр ұжымы көрермендерін жаңа спектакльдермен қуантып жатыр. Алдағы уақытта театр репертуарын түрлендіру мақсатында, Ресейден режиссерлер шақырып, олардың пьесасын қою жоспарланған. Қазір спектакль билеті 600-1500 теңгеге дейін көтерілді. Бас режиссер Р. Андриасян «Мен Қазақстан үкіметіне осы театрды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа техника, сахна құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп бергені үшін үлкен алғысымды айтамын. Бұл тек бізге жасалған жақсылық емес, көрермендердің игілігіне арналған шара. Мен алғаш осы ұжымға 1983 жылы келгенде, театр ғимаратының 20 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпей, әбден тозығы жеткенін байқадым. Сонда мен үкімет башылығына осы театрды жөндеуге қаржы бөлуді сұрадым. Алайда уәде берілгенмен, қаржы бөлінбеді. Шынымды айтсам, осындай қиын уақытта Қазақстан үкіметі бұл театрды күрделі жөндеуге ниет білдіріп, қаржы бөледі деп ойлаған жоқпын. Бізде театр көрермендерін жақсы, сапалы спектаклдермен қуантсақ деп отырмыз»,– деді.

Тағы бір айтып кететін нәрсе, министр Мұхтар Құл- Мұхаммед театр басшылығына Қалтай Мұхамеджанов пен Шыңғыс Айтматовтың мерейтойына қарсы «Көктебедегі кездесу» атты спектаклдің орысша нұсқасын сахнаға шығаруды тапсырды.

3675 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы