• Тұлға
  • 23 Қаңтар, 2014

Ескерткіш тақта орнатылды

Кеше Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің құрметіне оның соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Шараға Астана және Алматы қалаларынан зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен Қадыр ақынның туған-туыстары қатысты. Жиынды ашқан Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжатнама басқармасының бастығы М.Ахетов сөз кезегін Алматы қаласының әкімі А.Есімовке берді. Ол өз сөзінде қазақ, қазақ тілі бар кезде Қадыр есімінің, оның жырларының жасай беретінін айтты. Мұнан соң жазушы Ғ.Қабышұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Батырханов, ҚадырМырзалиев атындағы қордың жетекшісі Донеділ Қажымов сөз алып, шығармашылығы жөнінде жылы лебіздер білдірді. Ескерткіш тақтаны ашу құрметі ақынның жұбайы Салтанат Мырзалиева мен қала әкімі А.Есімовке берілді. Арна ЖҰМАТАЙ

3523 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы