• Тұлға
  • 05 Маусым, 2014

Біздің ең киелі құндылығымыз

Кеше еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. 1992 жылдың 4-маусымында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғашқы рет бекітілді. Бұл күн жаңа мемлекеттік нышандардың туған күні ретінде ел тарихында мәңгілік қалады. Мемлекеттік рәміздер – мемле­кетіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл жөнінде «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасы мен Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылығымыз» деп атап көрсеткен болатын. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – елге, жерге, Отанға деген құрмет. Осыны еліміздің әрбір азаматы сезінуі тиіс. Мемлекет басшысының Жар­лығына сәйкес елімізде 2007 жылдан бері 4-маусым – Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып келеді.

4499 рет

көрсетілді

121

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы