• Білім және ғылым
  • 04 Қыркүйек, 2014

«Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар...»

Дана педагог, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің осы бір өлең жолдары бүгінгі күні де мән-маңызын жойған жоқ. Білімнің күші – орасан. Дәл қазіргі уақыт білімнің де, білімділердің де ауадай қажет кезі. Бұл туралы таяуда Астана қаласындағы №75 жаңа көпсалалы мектеп-гимназияда болған Елбасы Н.Назарбаев: «Білім – болашақ. Инновация, ғылым, техника, міне, болашақ осында. Сондықтан білімге қол жеткізу керек» деп атап көрсетті. Еліміздегі әлеуметтік жағдайдың жақсарып келе жатқанының нәтижесі болар – биылғы жылы бірінші сыныптың табалдырығын аттаған балалар саны жыл­да­ғыдан көбірек. Үш жүз мыңға жуық бала алғашқы рет мектеп есігін ашты. Елде жаңадан шаңырақ көтерген мектептер саны да өсе түсуде, ескілері жаңартылып, күрделі жөндеуден өтіп қатарға қосылуда. 1-қыркүйек ел ішінде мереке ретінде өтеді. Мектептердегі жиындарға белгілі тұлғалар қатысып, оқу жылын бастаған шәкірттерге жүрекжарды лебіздерін білдіреді. Осылардың барлығы біздің келешегіміз – мектеп оқушыларына көрсетіліп отырған зор сенім. Білімді игер, жас өрен! Білімдінің жолы нұрлы, арманы асқақ.

5556 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы