• Мәдениет
  • 27 Қараша, 2014

«Ана тілі» серігіңіз болсын!

– Заман да, адам да өзгерген қазіргі жағдайда бас­пасөзге көзқарасыңыз қандай? – Мен дініме берік адаммын. Баспасөзді ешнәрсеге айырбастамаймын. – Электронды газет нұсқаларына ше? – Ол өмірдің қажеттілігінен туған нәрсе. Жаңа­лықты жат көрмеуіміз керек. Өз басым газет-журналдар оқығанды жақсы көремін. – Қандай газеттерді оқисыз? – Қазақ басылымының бәрін де оқимын. Бірінде жоқты екіншісінен табуға болады. – Әйтсе де, үзбей оқитын көңіліңізге жақыны қайсы? – «Ана тілінің» тұрақты оқырманымын. – Несімен ұнайды? – Елдік мәселелерді терең толғап, індете қозғайды. Қа­зақ тілінің, қазақ қоғамының айнасы. Тіл ғана емес, сонау 90-жылдардан бері халқымыздың тағ­дыр талайын тап басып, тасқа бастырып келе жатқан та­рихи жыл­нама іспетті. Біз, ардагерлер мұны жақсы білеміз. Бұл басылымның ұстанған жолынан еш айнымаған принцип­ті­лігіне тәнтімін. Қазақтың рухани жан дүниесін, бай мұрасын жиып-теріп, қайта ұсынып отыратын айдарлы басылымға алғысымыз шексіз. – Газет оқырмандарына бірауыз лебіз білдірсеңіз... – «Ана тілі» – үлкен мектеп. Тарих та, тіл де, дін де, рухани байлығымыз да газет бетінде тұнып тұр. Сон­дықтан төріңізде «Ана тілі» тұрса, үстеліңізде «Ана тілі» жатса, «Ана тілін» серік етсеңіз, жан дүниеңіз жү­демейді. Жазылыңыз, рухани ойдың тұнығына қанығасыз.

Өмірзақ Озғанбаев, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

15725 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы