• Мәдениет
  • 27 Қараша, 2014

Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі музыкасы

Жуырда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өзінің 70 жылдық мерейтойына байланысты көптеген іс-шараларды ұйымдастырды. Солардың бірі ­- «Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі музыкасы: зерттеу проблемалары. Дыбыс феномені» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық семинар. Семинарға Ресей (Бурятия), Нидерланды, Әзербайжан, Түркия елдерінің ғалымдары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан келген ғалымдар қатысты.

Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі музыкасы өзіндік болмыс-бітімімен, жанрлық құрылымымен, стилистикалық өрнегімен ерекшеленетіні сөзсіз. Оның дыбыс  феномені, дыбыстық шырқау биігі өз алдына бір құбылыс десек, артық айтқандық емес. Бүгінде әлемдік музыка өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан түркі халықтарының дәстүрлі музыкасын, соның ішінде әні мен күйін зерттеу бұл түркі халықтар арасындағы мәдени байланысты жақындата түсетіні анық. Семинарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми істер жөніндегі проректоры Гүлжан Сүлеева құттықтау сөзімен ашып, шет жұрттан келген меймандарға өз алғысын білдірді. Бұдан кейін ортаға  белгілі музыкант Талғат Мұқышев шығып, бүкіл түркі халықтарына ортақ сыбызғы аспабында күй әуелетіп, жиналған қауымның ықыласына бөленді.  Семинарды жүргізіп отырған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және композиция кафедрасының профессоры Сәуле Өтеғалиева  «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған   семинардың негізгі өзегі – түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі музыкасы және оның зерттелуі, орындалуы, кейінгі ұрпаққа қалай аманат­талуы хақында. Жиынға келген қонақтарымыз әр мемлекеттегі осы дәстүрлі музыканың қазіргі кездегі жетістіктері мен проблемаларын сөз етпек» деп  шараның мақсаты дәстүрлі музыкамызды шетелдерге кеңінен таныстыруда екенін атап өтті. Семинар барысында түркі-моңғол халықтарының музыкасының ұқсастықтары, вокалды аспаптық музыканың ерекшеліктері, түркі-моңғол халықтарының көмеймен ән айту өнері, дыбыс феноменін музыкалық-акустикалық зерттеу сынды тақырыптар жеке-жеке талданып, талқыға түсті. Нидерланды елінен келген  Марк ван Тонгерен көмеймен ән айту өнерінің қыр-сырына тоқталса, Бурятиядан келген Ресей ғылым академиясының моңғолтану, буддология және тибетология институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Дашиева моңғол және бурят  салт-дәстүр әндеріндегі  дыбыс ерекшеліктері туралы баяндама жасады. «Түрік және қазақ халық әндерінде ортақ мифтік әуендер бар. Бұл екі халықтың тарихы да мәдениеті де ежелден бірге дамып келеді. Ал бүгін біз сол ұқсастықтарды айшықтау арқылы түбі бір түркі мәдениетін бүгінгі ұрпаққа насихаттаудамыз. Мен осы екі ел мәдениетінің тарихи біртұтастығын халық әндерінен тап­тым» деп Түркиядан келген Хассетпе уни­верситетінің түрік фольклоры бөлімінің про­фессоры, Дәстүрлі музыка мәдениеті жө­ніндегі орталықтың директоры Мирза­оглу ­Гюлай бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтардың маңызын тілге тиек етті. Әзербайжан ұлттық консерва­тория­сының ұстазы Валех Рагимов бұндай басқосулар түркі елдеріне бір-бірін жақын танып, мәдени байланыс орнатуына септігін тигізетінін айта келіп: «Мен баяндаманы ежелгі ұлттық аспап махур хиндидың шығу тарихына арнаймын.  Сонымен бірге әзербайжан дәстүрлі музыка өнерінің ерекше жанры мугам туралы да айта кету керек. Себебі біз ұлттық өнер дегенде ұлттың дәстүрі мен наным-сенімін бірге қозғап отырғанымызды ұмытпау керек. Ал махур хинди аспабы магум деп аталатын дәстүрлі ән жанрында міндетті түрде қолданылады. Бүгінгі семинар барысында қазақ және әзербайжан халықтарының дәстүрлі ән өнеріндегі ұқсастықтарды байқадым» деді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қобыз-баян кафедрасының меңгерушісі Зәуре Смақова өз баяндамасында сырнай аспабының шығу тарихына тоқталып, осы орайда татар және қазақ халықтары арасындағы үндестікті талдады. Сонымен бірге семинар аясында В.Рагимов тар аспабында ойнау бойынша, ал Л.Шаралдаева хур аспабында, Марк ван Тонгерен көмеймен ән айтудан шеберлік сыныптарын өткізді. Ақбота ИСЛӘМБЕК

9846 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5812

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5480

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2544

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2277

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2259

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы