• Білім және ғылым
  • 19 Ақпан, 2015

«Кереметтің» қызметі қуантады

Елбасы Н.Ә.Назарбаев кейінгі Жолдауында әлемнің үздік ЖОО-лары рейтингісіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу бағыттарын айтып, бірнеше тапсырма жүктеген-ді. Осы маңызды мемлекеттік тапсырманы жүзеге асырудың және ҚазҰУ-да жаңа заман университетін құрудың негізі ретінде биылғы жылы «Al-Farabi university smart city» бірегей ғылыми-инновациялық жобасы бастау алды. Аталмыш жобаның негізгі инфрақұрылымдарының бірі – «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – Ұлттық университеттің 20 мыңға жуық студенті мен 5 мыңдай ұстаздар қауымына «бір терезе» қағидасында автоматтандырылған жылдам және сапалы қызмет тобын ұсынумен ерекшеленіп отыр. Орталықтың құрылу мақсаты да осы – кампус аумағындағы студенттер контингентін сапалы да жылдам қызметтер кешенімен қамтамасыз ету. Орталықта осы мақсатқа қолжеткізу мақсатында құрылған секторлардың бірі – «бір терезе» қағидасында жұмыс жасайтын, өзіне тіркеуші кеңсесін, студент бөлімін, халықаралық ынтымақтастық бөлімін, төлқұжат үстелі мен бухгалтерия бөлімдерін біріктірген оқу секторы. Ал әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық сектор өзіне банктік, заңгерлік, туристік жұмысқа орналастыру туралы қызметтерді біріктірген. Орталықтың негізін қалаушылар назарынан студенттерге көңіл көтеру, ойын-сауықтық қызметтер ұсыну, студенттердің бос уақытын қызықты да көңілді ұйымдастыру жағы да тыс қалмаған. Ол үшін орталықта сауда-көңіл көтеру секторының нысандары кинотеатр және кафе қызмет көрсетеді. Ал төменгі қабатта құрылысы қарқынды жүріп жатқан, мини-МEGA жобасы аясында болатын супермаркет, fast food, сұлулық салоны, кітаптар дүкені, фотоателье, киім жуу орны, т.б. нысандар осы сектордың керегесін кеңейтері анық. Орталықтағы келесі сектор – студенттік қоғамдық ұйымдардың басын қосқан жастар секторы, университеттің жас­тар саясатындағы қарымды қадамдарын нақтылайды. Жақында осында Корея-Қазақстан халықаралық медициналық диагностикалық орталығы ашылды. Медициналық орталықтың қызметтері функционалдық, клиникалық, зертханалық, сәулелік, гинекологиялық, антропометрологиялық зерттеулер секілді алты топқа бөлуге болады. Өз жұмысын жаңа бастаған диагностикалық орталық студенттер мен ұстаздар қауымы үшін жемісті қызмет етуде. Медицина саласының білікті де білімді мамандары мен соңғы үлгідегі заманауи медициналық технологиялардың басын біріктірген орталықтың жұмысы әрі қарай да табысты болары анық. Бүгінгі күні студенттердің көз қуанышына айналып, игілігіне қызмет жасап отырған орталықтың болашағы жарқын болады деп сенеміз.

Сайран Баяндинова, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры

3172 рет

көрсетілді

45

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы