• Білім және ғылым
  • 09 Сәуір, 2015

Олимпиадада бақ сынады

Астанадағы «Қазмедиа» орталы­ғы­ның концерт залында «Жарқын бола­шақ» атты республикалық қазақ тілі олим­­пиадасында жеңімпаз атанған 11-сы­нып оқушыларының марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «КАТЕV» қоры ұйымдастырған білім сайысының қорытындысында іріктеуден өткен 171 өрен  респуб­ли­калық ақтық сайысқа жолдама алды. Марапаттау шарасына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен ҚР Парламент депутаттары қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздарына жолдаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың құттықтау хатын Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев оқып берді. «КАТЕV» қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мехмет Месут қазақ тілі олимпиадасының түпкі мақсатына тоқталып, іс-шараның мән-мағынасы туралы айтып берді. Марапаттау рәсімінде Мәжіліс депутаттары Оразкүл Асанғазы мен Бақытбек Смағұл оқу­шыларға арналған ізгі тілектерін жеткізді. Қуаныш УӘЛИЕВ

2455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы