• Білім және ғылым
  • 15 Маусым, 2016

«Алтын Сапа» – үздіктер клубы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алтын Сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубы 2007 жылдың қыркүйек айынан бері саяси сауатты, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін, қазақтілді жастардың қалыптасуына ықпал етуде.

2012-16 оқу жылын «Алтын Сапа» ИПК табысты аяқтап отыр. 2015 жылы 27-31 қазан аралығында алдын ала іріктеуден өткен жас буындарды қабылдау рәсімі өтті. Клуб 31 қазан мен 1 қараша аралығында аймақтық пікірсайыс турнирін, 2 желтоқсан күні «Әл-Фараби шәкірттері» атты аймақтық ЛД форматындағы пікірсайыс турнирін және 13-14 ақпан аралығында клуб мүшелерінің арасында ішкі турнирін өткізді. ҚызПУ-да өткен «Жүрек жылуы» қайырымдылық турнирінде Қалмұрат Аян мен Өмірзақ Нұртуған бірінші орынды иемденді және америкалық парламенттік формат бойынша үздік ойын көрсеткен Өмірзақ Нұртуған «Үздік спикер» атанып, оқу жылының алғашқы жарысын табысты бастап берді. Клуб мүшелері тек пікірсайыс ойын­дарында ғана емес, төреші болудан да көш бастап келеді. 2015-2016 оқу жылы бойынша Айгерім Аманғазина, Үміт Нұрғалиев және Сая Қиянбек «Ең үздік пікірсайысшы» аталымына ие болды. Республика бойынша Өмірзақ Нұртуған «Ең үздік пікірсайысшы» аталымының жүлдгері атанды. Осындай жеңімпаздары мен көшбасшыларды тәрбиелеуші әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алтын Сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубы 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша «Қазақ пікірсайысшылар» тобының ұйымдастыруымен өткізілген «Mixtape debate awards» бағдарламасында «Чемпиондар клубы» аталымының иегері атанды.

Мейірім БАҚЫТЖАНОВА

2533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы