• Ақпарат
  • 14 Шілде, 2016

Үлкен Жарылыстан соң...

Галактикадағы Үлкен Жарылыстан кейін пайда болған Әлемнің алғашқы мезетінде материя мен антиматерия бірдей мөлшерде көрінген. Бейне заттың айнадағы көрінісіндей деп суреттеуге лайықты. Физика заңдылығы бойынша, дәл осы жағдайда олар бір-бірімен реакцияға түсіп, тек энергия ғана қалушы еді. Олай болмай шықты. Неліктен осы симметрия бұзылды? Материя галактиканы, Күн жүйесін, соның ішінде Жер шарын, бізді түзді? ATLAS жобасы материя мен антиматерия арасындағы симметрия – сәйкестіктің бұзылуына не себеп болғанын анықтауды жолға қойған. Осы мақсатта ұзындығы 46 метр, биіктігі 25 метр ATLAS детекторы да жұмысқа кіріскен. Құрылғы төрт бөліктен тұрады: ішкі детектор әрбір зарядталған бөлшектің екпінін өлшейді. Калориметрлер бөлшектердің тасымалдау барысында пайда болатын қуатын нақтылайды. Одан бөлек спектометр бар. Ол физикалық шама – мюндарды анықтап, қозғалу екпінін белгілейді. Және магниттік жүйе – детекторды айнала қоршаған зарядты бөлшектердің ұшу бағытын, екпін жылдамдығын түзеді. Осы мақсаттар тиянақталған жағдайда біздің материя мен энергияға қатысты қалыпты пікірлеріміз өзгеруі әбден мүмкін екен.

Нұрлан  Құмар

1044 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы