• Ақпарат
  • 21 Шілде, 2016

Футболшыларды марапаттамақ

Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соуза Еуро – 2016 чемпиондары атанған футбол бойынша ұлттық құраманың ойыншыларын еңбегіне қарай орденмен марапаттау шешімін қабылдады. Айта кету керек, Португалия құрамасы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. Париждің маңындағы Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында бұл құрама алаң қожайындарымен кездескен болатын. Ойынның 110-шы минутында Эдер жеңісті голды соқты. Бұған дейін Португалия құрамасы 1984, 2000 және 2012 жылы қарт құрлық біріншілігінің қола жүлдегері болса, ал 2004 жылы өз жерінде өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген.

Нұрлан Құмар

829 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы