• Мәдениет
  • 08 Қыркүйек, 2016

Балалар көңілінен шықты

Жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созып, көмек көрсету, оларға көңілді мереке сыйлау өте маңызды іс. Осы орайда, Ата Заңымыздың төл мерекесі қарсаңында «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнал­ған интернат-үйінде» Ата Заңы­мыздың 21 жылдық мерейтойына орай «Ата заңым – ардақты» атты мерекелік концерт өтті.

«Алматы қалалық психо­невро­логиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат-үйі» директоры Қанат Сабыров өз сөзінде бұл шараның маңыздылығын ерекше атап өтті. Концерт үш бөлімнен тұрды. Оның аясында көңіл көтеруге арналған бағдарламалар, ойын-сауық шаралары, «Балаға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Балалар мен тәрбиешілер мерекелік концертке тыңғылықты дайындалды. Сахналық қойылымдар ұйымдастырды. Аниматор ар­тистеріміз мерекеміздің көркін қыздыруға барынша ат салысты. Интернат қызметкерлері балаларға арнап үйлерінен тәтті тағамдар даярлап әкелді. Мерекелік іс-шарада балаларға жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылды, сондай-ақ осы ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін өзіне жауапкершілік алған адамдарға шын жүректен алғыс айтылды. Осы кешті ұйымдастыруға тікелей ат салысқан Сағия Арманқызына зор алғысымды білдіргім келеді. Бір сөзбен айтқанда, мереке балалардың көңілінен шықты.

IMG-20160907-WA0012

IMG-20160907-WA0028

IMG-20160907-WA0032

Раиса ИЗМАҒАМБЕТОВА АЛМАТЫ

2439 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы