• Тұлға
  • 24 Қараша, 2016

Ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәуірхан Жәлиұлы Айдаровтың Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатуға арналған салтанат болды. Оны Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов сөз сөйлеп ашты.Алғашқы сөзді мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің алғашқы Төрағасы Ұзақбай Қараманов алды. Ол Дәуірхан Жәлиұлының адал еңбегі арқа­сында қарапайым мұғалімдіктен Қазақ­стан Компартиясы ОК-і насихат бөлімі меңге­ру­шісінің бірінші орынбасарлығына, обкомның хатшылығына дейін өскендігін атап өтті. Мұнан кейін ел ағасы, қоғам қайраткері Нұртаза Ибраев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Орынша Қарабалина, академик Досмұхамбет Кішібеков сөз сөйлеп ­Д.Айдаровтың азаматтығы, адамгершілігі жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Салтанат соңында Дәуірхан Жәлиұлының зайыбы Раш Ембергенқызы сөз алып, қала әкімдігіне, жиналған қауымға ризашылығын білдірді.

1445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы