• Қоғам
  • 06 Қаңтар, 2017

Құрылтайға дайындық жүргізілуде

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, «Дүниежүзі қазақ­тары» қауым­дастығы төраға­­сының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

– Биыл жылдың жаңалығы елімізде дү­ние­жүзі қазақтарының кезекті Құрылтайы өткізіледі. Ең бастысы ол Үкіметтің жоспарында бар. Соған байланысты «Дүниежүзі қа­зақ­тары» қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап, Үкіметке ұсыныс жолдағанбыз. Осының нақты жоспарын жасауымыз керек. Ол үшін ең бірінші мемлекеттік комиссия құрылғаны жөн. Құрылтай маусым айының соңында өткізілсе деп отырмыз. Мен құрылтайды алғаш ұйымдастырған уақыттан бері жұмыс жасап келемін. Әр құрылтайдың өз ерекшелігі бар. Биылғы шараның бір ерекшелігі ол «ЕХРО-2017» көрмесінің бағдарламасына сәйкес өтеді. Біздің мақсат – шетелден келген ағайындарға Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде еліміздің қандай табыстарға жеткенін көрсету. Сондықтан өт­кізгелі отырған құрылтайымыз жоғары деңгейде болады деп ойлаймыз. Еліміздің алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына шетелдегі ағайындар қандай үлес қоса алады деген мәселеге мән беріледі. Биылғы Құрылтай Астана қаласында өтеді. Қандастарымыздың алқалы жиынына 30-дан астам елдің өкілдері келед. Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін нақты бір бағдарламасы белгілі болады. Бір айта кетерлігі, Құрылтай жай ғана той-жиын емес. Ол шетелдегі ағайындарды Қазақ­станға таныстыру, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына қалай атсалысатынын, үлес қосуын талқылау, оларға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар ­аударылады. Шетел­дегі ағайындардың балалары Қазақстанға келіп оқуы керек. Мәдени байланыс­ты жақсартуымыз қажет. Ең басты мәселе шетелдегі 5 миллион қазақ пен Қазақстанның байланысын қалай нығайтамыз деген сауал.

2904 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы