• Қоғам
  • 19 Қаңтар, 2017

«Абай жолы» аталатын болды

Биыл «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толады.

Осы орайда Абай музейі ұжымының ұйымдас­тыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдары өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті, Басқарма төрағасы Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға «Астана-Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұлпар-Тальго» поезын «Абай жолы» деп атау жөнінде хат жолдаған еді. Көп кешікпей Абай музейінің директоры ­Болат Жүнісбеков мырзаға жоғарыда аталған ұлттық компанияның Дамыту жөніндегі вице-президенті міндетін атқарушы Д.Нұрмағанбетовтен хат келіп, онда «Астана-Защита» бағытындағы жолаушылар пойызына «Абай жолы» атауын беру жөніндегі ұсыныс бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны атап көрсетілген. Бұл орайда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының сервистік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Асқар Ахметбеков те «Абай жолы» атауымен жолаушылар поезы осы қаңтар айының соңында ­немесе алдағы ақпан айында қатынайтынын хабарлады. Олай болса, «Абай жолы» жолаушылар поезына ақ жол тілеп, асыға күтеміз!

Жамал СӘРСЕНОВА

6500 рет

көрсетілді

1350

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы