• Мәдениет
  • 15 Ақпан, 2017

Бекболаттың ән кеші

Алматыдағы Республика сарайында жыршы, композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық қалаулысы Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты шығармашылық кеші өтті.

Талантты өнер иесінің шығармашылығымен жақсы таныс көрермен залға лық толды. Өзінің орындаушылық шеберлігімен халқының ыстық ықыласына бөленген әнші бұл жолы да бабында екенін танытты. Ә дегеннен «Елім менің» әнімен ашылған сахна шымылдығы көрерменін бірден баурап әкетті. Бірінен соң бірі орындалған жыр-терме тыңдаушысын бейжай қалдырмады. Халық Бекболатын, оның өршіл дауысын сағынып-ақ қалған екен. Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбет, Абай, Дулат секілді дүлдүлдеріміздің туындыларын нақышына келтіре орындап, құлақ құрышын қандырған өнер иесін жұртшылық үш сағат бойы тыңдап, рухани күш-қуат алды. Еліміздің әр өңірінің өзіне ғана тән орындау шеберлігін келістіре жеткізе отырып, арасында әзіл-қалжыңын араластырып, сонымен қатар көрермен қауымның сұрауымен «Молдабай», т.б. бірнеше ән орындаған Бекболат қазақ өнеріндегі дара жұлдыз. Олай деуіміздің де өзіндік себебі бар. Күні кеше Қытайда өткен жекпе-жек турнирінің ақтық сынында бір-бірімен жұдырықтаса алмай, жарыстан шеттетілген екі қазақ жігітінің аспан асты елінен осы кешті тамашалау үшін арнайы келгендігі осының дәлелі болса керек. Кеш барысында бауырлас ноғай, қырғыз елінің өнерпаздарымен бірге, Қытайдағы ­бауырларымыз да өнерлерімен бөлісті. Сондай-ақ әншінің туған жерінен ағасы Мұхамеджан келіп, тартуы ретінде күмбірлете күй тартты. Бұл кеш жиналғандарға жақсы әсер қал­дырды. «Өнердегі бақ жұлдызың биікте жар­қырай берсін, Бекболат!» деп тарасты көпшілік.

4228 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы