• Ақпарат
  • 10 Наурыз, 2017

Намыстан жаралған арулар

Әйелдер қоғамның барлық саласында еңбек етеді десек те, оның ішінде нәзік жандылардың бәрі бірдей ұмтыла бермейтін кәсіптер болады. Бүгінде сондай күрделі мамандықты таңдап, жетістікке жетіп жүрген қазақ қыздары аз емес.

LazzatҰлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшы­лығында қызмет атқаратын сержант Ләззат Халелова өзі туралы былай дейді: «Сонау 1990-шы жылдардың алмағайып заманында әскери салаға келуге әуелде жүрексінгенім рас еді. Кейін келе-келе барлығына үйрендім. Саптық дайындыққа да, тапаншадан, автоматтан қару атуға да. Ең бастысы қызметім тәртіпке үйретті. Әскери адам қашан да жинақы жүріп, епті де жылдам қимылдайды ғой. Бұл да маған қызметтен енген қасиет болды» десе, қаржы бөлімінің аға офицері майор Ғалия Мәметова да өз ісінің кәнігі шебері екенін айта кеткенім жөн. Сонымен қатар осы бөлімінің аға маманы сержант Гүлжан Баймұхановалардың еңбек жүгінің маңыздылығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. GulzhanӘріптесіміз сержант Гүлжан Баймұханова екі баланың анасы. Қызметіне берік жан. Отағасы да әскери қызметте. Екеуі бірі білгенін екіншісіне үйретіп, әскери қызметке, шынын айтқанда отбасы болып шыңдалып, қызметтің ыстық-суығын тең өткеріп келе жатқан жайы бар. «Қазақ қыздары намыстан жаралған. Қашанда ары мен намысын жоғары қойып, елінің, ерінің амандығын тілеген. Қызай ана, Домалақ ана сияқты бір әулетке ғана емес, дүйім елге ұран болған аналарымыз жетерлік. Отбасы тәрбиесі дегенде әйелдердің қай кезде де орны ерекше» дейді Гүлжан.

AsiyaМайор Әсия Қалиева да үлгілі қызметімен көзге түскен ару жанның бірі. Үш баланың анасы 1999 жылдан бастап құқық қорғау саласында еңбек етіп келеді. Қазір өңірлік қолбасшылықтың кадр бөлімінің офицері. «Әр қызметтің өз қыр-сыры, ерекшелігі болады ғой. Әскери қызмет аса жауапты жүк арқалаған сала. Мұнда сен әйелсің, сен еркексің деп бөлмейді. Бәрі қару ұстаған Отан қорғаушылар. Сондықтан да бәріне дайын болуың керек. Қару ату, жекпе-жек ұрыс тәсілдері, жедел шешім қабылдау, ең аяғы ішкі түйсігіңді суыққанды басқарып, батыл жүректі болу керек. Сондықтанда ең бастысы ынта керек» дейді мамандығы туралы сыр шертіп. Иә, батыр қыздарымызды пір тұтқан, намыстан жаралған аруларымыз қазақта жетерлік. Біз олардың бір парасын ғана тілге тарттық. Осы орайлы сәтті пайдаланып, оларды алдағы наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына ырыс, қызметтеріне табыс тіледік. Мерейлеріңіз өсе берсін асыл арулар!

Арман ӘУБӘКІРОВ, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының майоры Алматы

6755 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы