• Руханият
  • 30 Наурыз, 2017

Мереке сәнін келтірді

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халық мәтелі тегін айтылмаса керек. Ауыл мен ауылдың ара қатынасына қылау түсірмей, берекеге шақыратын Көрісу күнін көксулықтар ерекше атап өтті.

Береке мен бірлікті нығайтып, дүйім елді ұйыстыруға дем беретін көрісу мерекесі ауданда да өз салтанатымен өрнектелді. Мұқыр ауылдық округінде көп қуана қабыл алатын көрісу мерекесі аталып өтті. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғыны, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Нұри Сүлейменовтің қара шаңырағында игі жақсылар бас қосты. Дүйім елдің мерейін асыратын мерекеге орай Нұри ақсақалдың ағайын-туысы, көрші-қолаңы арнайы көрісуге келді. Өткен Мешін жылына ризашылық білдіріп, қыстан қысылмай шыққан ағайын келер жылға жақсылықпен жетуге тілек білдірді. Көрісу күніне орай жайылған ақ дастарқанға жайғасқан ақсақалдар, ақ сарбас қойдың басына бата беріп, наурыз көжеден дәм татты. Әсем ән шырқап, өткен күннен әдемі естелік айтып тарқасты.

Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

Алматы облысы Көксу ауданы

617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы