• Тіл
  • 30 Наурыз, 2017

«Мемлекеттік тіл – бірлік тірегі»

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Стратегия­сын іске асыру аясында «Тұран» университетінде «Қазақ және шет тілдері» кафедрасының ұйым­дастыруымен «Қазақ тілі» пәні бойынша «Мемлекеттік тіл – бірлік тірегі» атты 1 курс студенттерінің өзге ұлт өкіл­дері арасында алғашқы университетаралық олимпиадасы өткізілді.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту және жоғары оқу орын­дарында білім алатын өзге ұлт студент­терінің қазақ тілін меңгеруін тереңдету. Университеттің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.Герасимова, «Қазақ тілі және шет тілдері» кафедрасының мең­герушісі Г.Мұсабекова және аға оқытушы А.Қаршығаева сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді. Олимпиадаға қатысуға бірнеше уни­верситет өтініш білдіріп және осы сайысқа үлкен дайындықпен келді. Сайысқа Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Достық», Халықаралық бизнес уни­верситетінің «ХБУ-дың әскерлері», Алматы энергетика және байла­ныс университетінің «Сөз зергерлері», Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің «Технологтар», «Тұран» университетінің «Болашақ» және «Жастар» топтары қатысты. Жарыс төрт бөлімнен тұрды. Шараның қорытындысына сай олимпиадаға қатысқан командаларға университет атынан сый-сияпат табыс етілді.

Айнұр ҚАРШЫҒАЕВА, «Тұран» университетінің қазақ және шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы

1577 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы