• Руханият
  • 12 Мамыр, 2017

Өшпес даңқ тұғыры

Алматы қалалық №4 кітапхана ұжымы мен Алмалы ауданы ардагерлер кеңесі бірлесіп Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған «Ардагерлерді аялайық» шарасы аясында «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Ерлік» атты ерлік эстафетасын өткізді.

Шара барысында «Ұлы Ерлікке – тағзым, ардагерлерге құрмет!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экраннан арнайы дайындалған «Ұлы ерлік – өшпес даңқ», «Отан үшін от кешкен қаһармандар», «ҚР Қарулы Күштері» атты слайдтар, Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, соғыс, Ұлы Жеңіс туралы әндер орындалды. Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері, тыл және еңбек ардагерлері Зұлқарнай Сейітов, Әжмұрат Жармұханов, Кабдолда Бекжанов, Саят Жансүгіров, Лев Демяненко, Абиль Белялов, Шаймурат Кучугов қатысты. Басқосуды Алмалы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Ахмедов ашты. Соғыс ардагері Әжмұрат Жармұханұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, запастағы полковник Қабдолда Бекжанов және басқа да ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарының шежіресімен, әскери өмір мен қазақстандықтардың майдандағы ерліктері туралы естеліктерімен бөліссе, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің аға сержанты Солтанғазы Нұрланұлы әскери білім ордасының жұмысымен таныстырып, бүгінгі жас ұландар ­Отанды қорғауға әрқашан дайын екендерін атап өтіп, жастарды ерлікке, патриотизмге жігерлендіретін жыр жолдарын оқыды.

Аяжан ТІЛЕУБЕРГЕН

828 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы