• Руханият
  • 15 Мамыр, 2017

Тау бөктеріндегі көне кітаптар

Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылыпты. Құнды дүниелер осыдан 100-200 жыл бұрын басылып шыққан деген дерек бар. Тау бөктеріне жасырылған кітаптарды мектеп оқушылары көріп қалып, мұғалімдеріне хабарлаған. Еңбекші орта мектебінің оқушысы Ернат Құдайберген «Қазақпарат» тілшісіне берген сұхбатында былай депті: «Жуа теріп жүріп, таудың жоғары жағына шықтық. Сол сәтте күнге шағылысып жатқан кітаптардың беттерін көрдік. Арабша жазылған болғандықтан, құран кітабы екен деп ойладық. Бірден ауылға барғанда мұғалімге айттық. Содан кейін бірге барып, таудың бөктерінде жатқан кітаптарды қазып алып, ауылға әкелдік». Кітаптардың бірі 1898 жылы Санкт-Петербургтегі «Император», енді бірі –1902 жылы Қазандағы әйгілі Кәрімовтер баспасынан шығыпты. Ғасыр өтсе де, жазулары өшпеген. Имамдар оқып, атауларын тізімдеген. Үш кітап – «Жұмақтың кілті», «Шариғат жолы» және «Хабарсыздарды ояту» деп аталады. Құнды діни дүниелер тау ішіне дінге тыйым салынған уақыттарда жасырылған деген болжам жасалып отыр. Бүгінге аман-есен жеткен рухани мұраны ғалымдарымыз зерттеп, зерделесе көптеген маңызды деректер табылуы ғажап емес.

Дәукен ЖҰМАТҰЛЫ

1456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы