• Руханият
  • 18 Мамыр, 2017

«Бір ел – бір кітап»

Елімізде оқу мәдениетін дамыту, патриоттық сезімге баулу, жас ұрпақты қазақ жазушыларының шығармаларымен тереңірек таныстыру мақсатында қолға алынған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыра түсуге дәнекер болуда. Акция аясында Ефремовка орта мектебінің кітапханасында ақын С.Торайғыров шығармашылығына арналған шара өтті. Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орайластырылған бұл шара Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясымен де үндесіп жатыр.

«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!» деп жырлаған рухты ақын Сұлтанмахмұт жырларын білмейтін қазақ кемде-кем. Арқалы ақынның шығармалары қанша заман өтсе де өз маңызын жойған жоқ. Осы ретте кітапханамызда ақын-жазушыларымызға арнап түрлі кештер, әдеби шолулар өткізіліп тұра­тынын айта кету орынды. Оның ішінде қазақ тілін дәріптеу мақса­тында ұйымдастырылған «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» атты шара мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үндейді. Халқымыздың сан ғасырлардан бергі басынан кешкен тарихы, ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, жалпы дүниетанымы, бәрі-бәрі де ана тілімізде сақталған. Сондай-ақ «Қазақша, ағыл­шын­ша, орысша үйренейік» атты айдар­мен оқырмандарға үштілділік мәдениетін арттыруға арналған анықтамалық құралдар, сөздіктер ұсынылады. Өйткені өскелең ұрпақ білім бәсекесінде қабілетті болуы үшін мектеп қабырғасынан бастап, терең білім алумен қатар бірнеше тілді еркін меңгеруі керек. Осы орайда Мәңгілік ел болуымыздың басты алғышарты туған тіліміз бен тұғырлы тәуелсіздігіміз деп білеміз.

Р.Булкенова, Павлодар облысы Ефремовка орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

758 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы