• Тұлға
  • 18 Қаңтар, 2018

Айза Имамбек: Жүлдеден үміттімін

Мұз үстіндегі мәнерлеп сырғанау өнері елімізде кең қанат жайып келе жатқан спорттың бір түрі. Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаевалардың есімі Қазақстанға ғана емес, әлем елдеріне де жақсы таныс. Солардың қатарында тағы бір қазақтың қайсар қызы – Айза Имамбек те бар. Ол мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Тайландта өткен «Asіan junіor-2010» Халықаралық кубогының алтын медаль иегері, 2011 жылы Дубайда өткен «Golden Cup Dubaі-2011» чемпионатының күміс жүлдегері. Бүгінде Айза алдағы 9-30 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиадаға қызу дайындық үстінде. Жақында саңлақ спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Айза Евфратқызы, Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиадаға дайындығыңыз қалай? – Дайындығым жақсы. Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатыс­пақ­шымын. Осы жылы Олимпиаданың жабылу салтанаты да туған күніммен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан туған күніме ерекше сый жасағым келеді. Мен 2017 жылдан бастап Санкт-Петербургтегі жаттықтырушы Алексей Мишеннің қарамағында жаттығу жасадым. Бапкерімнің нұсқауымен жаз бойы Мәскеудегі спорттық жиындарға да қатыстым. Өкінішке қарай, биылдан бастап Санкт-Петербургте өтетін жаттығу жиынына бара алмадым. Оған дайындық кезіндегі алған жарақатым себеп болды. Қысқы олимпиадаға Алматы қаласында дайындалып жатырмыз. Жасыратыны жоқ, Қысқы Универсиада ойындары өтпестен бұрын елімізде спорттық кешендер, жаттығатын алаңдар аз болды. Әр жерде жаттығу жасадық. Қазіргі кезде спортшылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Бүгінде «Алматы арена» мен «Халық арена» қысқы спорт түрінен жарысқа қатысатын спортшылардың сүйікті орнына айналды. Мұз айдынының сапасы да керемет. Уақытымыздың көп бөлігі аталған екі кешенде өтуде. Құрамадағы қыз-жігіттермен жаттығу жасап жатырмын. Олар Жансая Әдіханова, Вероника Шевелева, Алана Тоқтарова және де Артур Панихин. Барлығы да еліміздегі үздік мәнерлеп сырғанаушылар. Болашақта олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар. Олимпиаданың ашылуына қатыса алмайтын болдым. Керісінше, сол уақытты ұтымды пайдаланып Алматы қаласында тыңғылықты жаттығу жұмысын жасаймын. Оңтүстік Корея еліне 19-шы ақпан күні барамыз. – Қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатыспақшы екенсіз. Қандай сезімдесіз? – Олимпиадаға қатысу әрбір спорт­шының арманы. Бұл орайда менің жолым болды деп айтса болады. Өйткені мен осы маусымда жарақатыма байланысты көп жарыстарға қатыса алмадым. Бірақ соған қарамастан былтырғы маусымнан керек ұпайларды еншілеп Олимпиадаға баруға жолдама алдым. Төрткүл әлем көз тіккен дүбірлі додада ел сенімін ақтап, үздіктердің қатарынан көріну – ең үлкен жетістік. Сол үшін уақы­тымның көп бөлігін жаттығу алаңында өткізудемін. Қазақ­станның атын әлемге танытып, көк Туы­мызды көкте желбірету үшін жарыс жо­лында сәтті өнер көрсетуге тырысамын. Өз мүмкіндігімді толық көрсетемін деп ойлаймын. Мәнерлеп сырғанаушылар арасынан болашақта Талдықорған өңірінің тумасы Алана Тоқтаровадан үлкен үміт күтемін. 14 жаста болса да өте талантты спортшы. Ер балалардан Артур Панихин да елімізде өтетін жарыстарда өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. – Басты қарсыластарыңыз кімдер? – Менің ең басты қарсыласым – өзім. Жарыста осал қарсылас болмайды. Олардың бәрі де мықты спортшылар. Өз елінің мақтаныштары, өз елінің үздіктері. Сондықтан мені­мен жарыс жолына шығатын қыз-жігіттерді бөле-жарғым келмейді. Тек өзіңнің мықтылығыңды дәлелдеу арқылы қарсыласыңды жеңе аласың деп ойлаймын. Спортшы жарыстарда шыңдалады. Бірде жеңіледі, бірде жеңістің биік тұғырынан көрінеді. Жеңілісінен сабақ алып, өз қателіктерімен жұмыс жасаған спортшы ғана жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. Сол себепті мен әрдайым өзімді шыңдап, спорттық қабілетімді одан сайын жетілдіруге тырысамын. – Алға қойған мақсат-жоспарла­рыңызбен бөліссеңіз... – Қазіргі кездегі басты мақсатым – қысқы Олимпиада ойындарынан жүл­демен оралу. Ал өзге жарыстарды уақыты келгенде көре жатармыз. – Біздің спортшылардан не күтесің? Алдыңғы жетістіктерімізді жаңартып, жақсы жетістіктерге жете аламыз ба? – Біздің барлық спортшыларымыз да мықты. Олардың әрқайсысы осы Олимпиададан жүлде алсам деген ізгі мақсатпен жарыс жолына аттанбақшы. Егер бақтары мен баптары келіссе, өзінің қабілеттерін толық көрсете алса ел қоржынына жүлде салуға кез келген спортшының қауқары жетеді. Халқымыз Денис Теннен үлкен үміт күтеді. Элизабет Тұрсынбаеваның да жарысқа деген дайындығы жақсы. Хок­кейшілеріміз де жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп ойлаймын. Менің жақын құрбыларым Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева­ да үздіктер қатарында. ­Биатлоннан Виш­невская да алтыннан алқа тағар спортшылардың тізімінде. Жалпы біздің спортшыларымыздың XXIII қысқы Олимпиада ойындары­на дайындығы өте жоғары деп айтса болады.

Әңгімелескен Абылайхан ЖҰМАШЕВ

4231 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5813

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5481

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3219

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2605

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2566

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2545

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2278

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2260

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы