• Тіл
  • 05 Қазан, 2018

Қазақ тілінің алғашқы сөздіктері

Жарияланған қазақ тіліндегі алғашқы сөздіктер XVIII-XIX ғғ. жарияланды. Ол сөздіктер екітілді, көптілді аударма сөздіктер сипатында болып келген. Бұл дәуірде дүниеге келген сөздіктер ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздерді пайдаланып, іріктеу жасалмаған, бір сөз әр сөздікте әртүрлі беріліп, нормалаушы сипатта болмаған (себебі ол кезде норманы тұрақтандыру деген мәселенің уақыты әлі келмеген еді, ол бір жарым-екі ғасырдан кейін жүзеге асты), сөздерді тіркеуші сипатында болуы сол кезеңнің сөздік құрамның даму динамикасын көруге, сөздің қолданысын байқауға және болашақта жасалатын қазақ тілінің тарихи сөздігін жасауда дереккөз бола алады. Қазақ сөздіктерінің тарихы мен тілдік ерекшеліктері туралы ф.ғ.д., проф.М.Малбақовтың «Қазақ сөздіктері атты еңбегінде жан-жақты талдап көрсетіп береді.

Қазақ лексикографиясының тарихындағы алғашқы қазақ сөздіктері мыналар:

  • Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» атты еңбегінде берілген шағын қазақша-орысша сөздігі. 1860-1861 жж.
  • Будагов Л. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Спб.: Типография Императорской Академии Наук. Т.1, 1869. T. II, 1871.
  • В.В.Радловтың “Опыт словаря тюркских наречий” сөздігі. Спб., 1893
  • Ешмұхамбет Букиннің «Орысша-қазақша және орысша-қазақша сөздігі». 1883 жылы. Русско-киргизскій и киргизско-русскій словарь. Составилъ воспитанникъ IV класса Туркестанской Учительской Семинаріи Ишъ-Мухаммедъ Букинъ. Редактировалъ наставникъ Семинаріи Н.А.Воскресенскій. г.Ташкентъ: Типо-Литографія С.И.Лахтина, 1883. -363 с.
  • Қазан қаласында шыққан Мир-Салих Бекчуриннің «Начальное руководство к изучению арабского, персидского и татарского языков с наречиями бухарцев, башкир, киргизов и жителей Туркестана» атты еңбегіндегі шағын сөздік. 1859 жылы.
  • А.В.Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» еңбегіндегі қазақша-орысша сөздігі. 1878 жылы.
  • Қазан қаласынан шыққан Нағибай Жетпісбаевтың «Начальное руководство арабского, персидского и киргизского языков» атты еңбегіндегі орысша-арабша-парсыша-қазақша сөздік. 1890 жылы.
  • 1897 жылы Орынбор қаласынан шыққан орысша-қырғызша сөздіктер.
  • 1893 жылдан бастап шығарылған әртүрлі орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер.
  • В.В.Катаринскийдің редакторлығымен шыққан «Қазақша-орысша сөздік». 1897 жылы.
  • И.Лаптевтің «Материалы по казак-киргизскому языку» деген еңбегіндегі шағын қазақша-орысша сөздік. 1900 жылы.
  • Жұмағұл Көшербаевтың «Краткий русско-киргизский дорожник со словарем» атты орысша-қазақша сөздігі. 1906 жылы.
  • Верный қаласында шыққан «Орысша-қазақша сөздік». 1912 жылы.
  • Тоқаш Бокиннің «Орысша-қазақша сөздігі». 1913 жылы.
  • ХХ ғасырдың бас жағында шыққан екітілді, терминологиялық сөздіктер: «Орысша-қазақша әскерлік атаулары». Қызылорда, 1926,
  • И.П.Фальктың немісше-татарша-қазақша-бұқарша-қалмақша глоссариінің қазақша бөлігі. 1770–1774 жылдары.
  • Қазақша-орысша тілмаш. Мәскеу, 1926.
  • Пән сөздері. Қызылорда, 1927.
  • Атаулар сөздігі. 1931 жылы т.б. сөздікшелер мен қолжазбалар.

Мәселен, В.Старчевскийдің қазақша-орысша сөздігінде жеке сөздер мен «жақсы; жел; қас» сөздік мақалаларынан сол кездегі сөз қолданысты, қазақтың төл сөздерін, сөздік құрамды, мәдени-тілдік компонентерді көре аламыз: Каска – слђпой. Каска-басъ – плђшивая голова. Кырнакъ – незаконная жена, наложница, невольница. Кырмызы – малиновый цвђтъ.− Кырмызы тонъ – кафтанъ малиноваго бархата. Кырмызы макпалъ – бархатъ вишневаго цвђта. Кыръ кускъ каусканды – октябрь. Кымыздыкъ – щавель. Кымызъ – кумысъ. Кюнъ жайлатуу – заговаривать дождь чтобы остановился. Для этого произносять слово сапъ сапъ. Сарша – желтоватый. Су, шу – тотъ. Су-итъ – так сдђлать. − Су-итибъ – такимъ образомъ. Суйтыпъ − такимъ образомъ. Тостагань бака – черепаха

Қорыта айтқанда, сөздікпен жұмыс жасау барысында сол дәуірлердің жазба деректері бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін де ескеру керек. Элғарыда аты аталған сөздіктердегі сөздерден арнайы картотека дайындалса игі жұмыс болар еді.

Гүлжиһан Көбденова

«Ана тілі» газетінің штаттан тыс тілшісі

 

2670 рет

көрсетілді

260

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы