• Қоғам
  • 24 Сәуір, 2019

Патриоттық негізі – жауынгерлік рух

Өткен аптада жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясында «Ашық есік күні» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Қала жастарының әскери-патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының саяси-әлеуметтік тәртіп және философия кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласының этномәдени бірлестік­терінің белсенділері, мектеп оқушылары мен шекарашы курсанттар қатысты. Аталмыш мәдени іс-шара Академияның мәжіліс залынан бастау алды. Мұнда ашық есік күніне келгендер ғасырға жуық тарихы бар шекарашылар академиясы жайлы түсірілген деректі фильмді көріп, мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Шара барысында Академия бастығы полковник П.Поливанов сөз сөйлеп елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың бір үйдің баласындай тату-тәтті тұрып жатқанын тілге тиек етіп, ассамблеяның алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшысының бастығы Назар Балғымбаевқа, орынбасары запастағы полковник Қазыбек Мамсұровқа, Алматы қаласы, жас­тар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаеваға, белгілі КТА ойыншысы Мейржан Түребаевқа берілді. Содан кейін зал толы оқушылардың назарына Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің белсенділері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының шығармашыл курсанттары дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттік бағдарламада шекарашы курсанттардан бөлек армян этно-мәдени орталығының өнерпаздары мен грузин ұлттық ансамблінің биші жігіттері және Айбек Айдынұлы әуелете ән салды. Әсіресе әншінің «Шарманка», «Қазақша поппури» әндері оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осылайша бірнеше сағатқа созылған мерекелік шараның соңы Академияның саптық алаңында ұйымдастырылған қару-жарақ және техника көрмелеріне ұласты. Содан соң 3-ші оқу дивизионының курсанттары қоян-қолтық ұрысының бірнеше түрін және нағыз жауынгерлік айла-тәсілдерді көрсетті.

Жанат ЖАБЫРБЕКОВ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы

969 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы