• Білім және ғылым
  • 06 Маусым, 2019

Дінаралық татулық – бейбітшілік тірегі

Талдықорған қаласы «Авиценна» медициналық колледжінде «Дінаралық татулық – бейбітшілік тірегі!» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директорының орынбасары А.Әлі, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орта­лығының және Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының қызметкерлері А.Бабатай, Е.Матаев қатысты. Кездесу барысында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, колледж студенттерінің қатысуымен «Жастар және діни ағымдар» тақырыбында «фокус-топ» әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардан сауалнама алды. Әлеуметтік зерттеу жұмысына аталған колледждің белсенді студенттері қатысып, тақы­рыбын кеңінен талқылып, ой-пікір­лерімен бөлісті. Зерттеудің қорытындысына сәйкес жас­тардың ұшқыр ойлары мен жоспарлары қажетті деп танылып, алдағы жоспарлы жұмыстарда қолданылатын болады.

Ерлан МАТАЕВ, Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының қызметкері

Алматы облысы

581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы