• Ақпарат
  • 31 Шілде, 2019

Хош иісті терапия

Иіс түйсіктері органдарының толық тоқтатылуы тәбет тартпау сезімін туғызады. Сондықтан да көптеген медициналық клиникалар хош иісті терапияны қолданады, яғни иіспен емдейді. Әдетте ол госпитальдың бөлмелеріне жағым­ды иістерді бүркуден басталады, бұл аурулардың көңіл күйіне жақсы әсер етеді. Хош иістер науқас адамның қай ел, қай жерде туып-өскеніне де байланысты қол­данылады. Мысалы, шырмауықтың не жас бисквиттің иісін оңтүстіктен келген науқастарға дәрі ретінде бер­­ген жөн деп есептелінеді. Жүдегенде, жоғары сезімталдықта, іштей күйзеліс кезінде мұндай науқастарға хош иісті өсімдік субс­тан­­цияларының көмегімен теріге арнайы жасалған массаж жақсы әсер етеді. Осы мақсатқа сай, өсімдіктерден жасалған таза эфир майлары пайдаланылады. Олардың дене тканьдарына терең сіңе­тін қа­сиеттері бар. Мұндай майлар тамшы түрінде немесе түкті қатты қолғап арқылы денеге сыланады. Сыланғаннан кейін олар екі ­са­ғатқа жетпей бүкіл ағзаға жайылып, оны күшті регенерациялайды.

Нұрлан ҚҰМАР 

316 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы