• Мәдениет
  • 11 Қыркүйек, 2019

Қадірлі айтыс сүйер ағайын!

Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтетін жыр сайысының мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл өнеріміздің өркен жайғаны сонша, бір отбасынан бірнеше мықты айтыскер шығып отырғанын дәріптеу. Бұл додада Егеухан Мұқамәдиқызы немересі Ардагерей Кәпұлымен, Бекарыс Шойбеков­ інісі Дәуренмен, Рүстем Қайыртайұлы әкесі Қайыртаймен, Иранғайып Күзембаев ағасы Талғатпен, Дидар Қамиев інісі Ұланғасырмен, ­Ержан Әміров інісі ­Бекжанмен, Амангелді Панабердиев­ ағасы Серікболмен айтысады. Кештің арнайы қонағы – Төреғали Төрәлі. Отбасындағы тәрбие, ата мен ананың үлгісі, сыйластық пен жарасым, ауыл мен қала тұрмы­сын­дағы ерекшеліктер, нарық заманына бейімделудің көріністері, бала тәрбиесі, жаңа, жас ұрпаққа білім берудің өзекті мәселелері секілді іргелі тақырыптар айтыс өзегіне айналады. Тапқырлық, ұтқырлық, көркемділік, суырып салу – айтысты бағалаудағы басты талаптар. Айтыстың бас демеушісі – «Nur Otan» партиясы. Ақпараттық қолдау көрсетуші «Қазақстан» Ұлттық арнасы. Жыр жәрмеңкесін бірге тамашалайық ағайын! Айтыс­ Алматы қаласында 30 қыркүйек күні ­«Республика сарайында» сағат 19:00-де басталады. Билеттер: Алматы қаласындағы барлық кассаларда сатылады.

787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы