• Руханият
  • 04 Желтоқсан, 2019

Абызға арналған ескерткіш

Маңғыстау өлкесі небір дүлдүлдер мен бұлбұлдардың туып өскен киелі ордасы. Көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы да осы өлкенің перзенті екені белгілі. Ардақты азаматтың 6 желтоқсанда болатын туған күні қарсаңында кіндік қаны тамған Оңды ауылында еңселі ескерткіш бой көтерді. 

Әдебиеттің алыбы, кемеңгер тұлға­ның кең кеудесі мен келісті келбе­тін бейнелеген ескерткіш өзі білім алған орта мектептің ауласында орналасқан. Игі шараға облыс әкімі Серікбай Трұмов арнайы келіп қатысты. ­Сонымен қатар өңірдің ақсақалдары, жазушының туыстары мен үзеңгілес достары келді. Ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы «Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шара жыл соңына дейін жалғасады. Санаулы күндерден соң Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында туған күніне орай бірнеше шара ұйымдастырылады» деді. Ескерткіштің кермежібін облыс­ әкімі С.Трұмовпен бірге Ә.Кекілбайұлының досы, сыныптасы А.Құрмашев қиды. Ескерткіш Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептің ауласында орналасты. Алдаберген Құрмашев Әбіш бала кезінен дара оқушы болғанын атап өтті. Қаламгердің жарқын бейнесі әрдайым замандастар жүрегінде жаңғырып тұра беретінін айтты.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ Маңғыстау облысы

751 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы