• Ақпарат
  • 25 Желтоқсан, 2019

ҒЫЛЫМДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Clarivate Analytics халықаралық компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен  «Ғылым көшбас­шысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапаттау салтанатты рәсімін өткізді. Рәсім бойынша ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республи­касының зерттеу ұйымдары мен жарияланымдарының авторлары атап өтілді.

«Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» сыйлығының төрт беделді номинациясының иегері атанып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылымдағы үздік ұстанымды тағы бір рет дәлелдеді. Ол Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында соңғы 5 жылда Q1 және Q2 тоқсандық журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көш­басшы болды. Қазақстандық авторлардың әрбір бесінші жарияланымы жоғары рейтингті шетелдік ­басылымдарда – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі. «Web of Science Core Collection» әлемдегі 34 мыңнан астам журналдан тұратын ғылыми жұмыстардың дәйек сөздерінің дерек қоры болып табылады. «Web of Science Core Collection» жи­на­ғына енген ғылыми моногра­фияның авторы ретінде тәуелсіз марапатты ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов алды, Белгілі қазақстандық ғалымның «Экономикалық жос­парлаудағы, басқарудағы және бюд­жеттеудегі математикалық әдістер мен модельдер» атты ғылыми еңбегі сұранысқа ие болып, әлі де табысты пайдалануды жалғастыруда. Айта кету керек, бұл монография экономика саласындағы Нобель сыйлығының ­лауреаты Джон Нэштың жоғары бағасын алып, әлемнің ірі «Springer Nature» баспасында жарық көрді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ­химия факуль­те­тінің түлегі, қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті, химия және биотехнология кафедрасының профессоры, инженерлік профилді ЯМР-спектроскопы зерхтанасының меңгерушісі Төлеген Сейілханов Web of Science ақпараттық-талдамалық платформасы бойынша жоғары дәйексөзді қазақстандық автор ретінде «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының иегері атанды. 2014 жылдан бері QS компаниясы Дамушы Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі университеттердің бөлек рейтингісін жасақтауды қолға алған болатын. Содан бері британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы әлемдік озық жоғарғы оқу орындарының рейтингісін жыл сайын­ жариялап келеді. Ал 2019 жылға арналған QS World University Rankings жүйесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 207-орынға шықты. Бұл рейтинг оқу орнының ғылыми абыройы, жұмыс берушілер алдындағы беделі, профессор-оқытушылық құрамы, интернет-ресурс­тарды пайдалану тиімділігі, ғылыми мақалалар жариялау жиілігі мен оларға сілтеме жасалу деңгейі, шетелдік профессорлар мен шетелдік студенттер саны сияқты категорияларға негізделіп жасалған.

Төлеутай ӘБІЛДИН, Жания ЕШОВА, Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценттері

1613 рет

көрсетілді

10

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы