• Ақпарат
  • 09 Қаңтар, 2020

ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ КЕЛІССӨЗДЕР АРҚЫЛЫ РЕТТЕУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді.

Кеңес Президент Әкімшілігі басшы­лығының, Премьер-Министрдің орын­басарының, Қауіпсіздік Кеңесі ­хат­­шысының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының қатысуымен өтті. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеу­берді мен басқа да мемлекеттік орган­дардың басшылары Таяу Шығыстағы ­қа­зіргі ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті Парсы шығана­ғы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы тараптардың ­барынша ұстамдылық ­танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін сақтау үшін шаралар қабылдауды, мемлекетіміз­дің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды ақ­параттарды алу және талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.

3688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы