• Басты мақалалар
  • 20 Ақпан, 2020

ҚАЗАҚ ЖАЗЫУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒЫЙДАЛАРЫ

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ, жазушы

Қазақ тіліндегі әрбір дыбыс жеке әріппен белгіленеді. Қазақ әліпбійінде 32 әріп бар. Олардың баспаша және жазбаша түрі, «ң» әрібінен басқасының бас әрібі мен кіші әрібі болады. Бас әріптердің баспаша жазылыуы: A Ә Б B G Ƣ D E Ç Z I K Қ L M N O Ө P R S T Ұ U Ү F X H Ь J C Кіші әріптердің баспаша жазылыуы: a ә b в g ƣ d e ç z i k қ m n ŋ? o ө p r s t ұ u ү f x h ь j c Бас әріптердің жазбаша түрі:

Жазбаша кіші әріптер:

Әрбір әріптің өз аты бар, олар әліпбійдегі ретіне қарай мынандай: а, ә, бы, вы, гі, ғы, ды, е, жы, зы, й, кі, қы, лы, мы, ны, ың, о, ө, пы, ыр, сы, ты, ұ, у, ү, фы, хы, Һа, ь, і, шы. Барлық дыбыс дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ь, j. Дауыссыз дыбыстар: б, в, g, ƣ, d, ç, z, i, к, қ, l, m, n, ŋ??, p, r, s, t, u, f, х, һ, c. Дауысты дыбыстар жұуан және жіңішке болып екіге бөлінеді. Жұуан дауыстыларға мыналар жатады: а, о, ұ, ь. Жіңішке дауыстылар мыналар: ә, е, ө, ү, j. Дауысты дыбыс дауыссыз дыбысқа немесе жұуан дауысты жіңішке дауыстыға, керісінше дауыссыз ­дыбыс дауыстыға немесе жіңішке ­дауысты жұуан дауысты дыбысқа ешбір жағдайда да өзгермейді. Дауыссыз дыбыстар да қатаң және ұйаң болып екіге бөлінеді. Қатаң ­дауыссыз дыбыстар мыналар: к, қ, p, s, т, f, х, c. Ұйаң дауыссыздар мыналар: б, в, g, ƣ, d, ç, z, i, l, m, n, ŋ, r, u, һ. Сөз қолданысына қарай қатаң ­дауыссыз да, ұйаң дауыссыз да біресе қатаң, біресе ұйаң болып өзгермейді.

Әрбір сөз дыбыстардан және бұуындардан құралады. Сөздің бір леппен айтылатын ең созымды бұунағын бұуын дейміз. Әр бұуында бір ғана дауысты, бірнеше дауыссыз дыбыс болады. Дауысты дыбыс сөз басында келсе, бір өзі жеке бұуын бола алады. Ал дауыссыз дыбыс жеке тұрып та, бірнешеуі бірігіп те жеке бұуын бола алмайды. Бұуын бір ғана дауысты дыбыстан тұрса немесе дауысты дыбысқа айақталса, оны ашық бұуын дейміз. Ашық бұуын ұзақ созып айтыуға келе береді. Бұуынның соңғы дыбысы дауыссыз дыбысқа айақталып тұрса, ол тұйық бұуынға жатады. Тұйық бұуынның созымдылығы ашық бұуынға қарағанда, шектеулі, қысқа болады. Мысалы, «да – ла – лық – тар – дың» дегендегі «да» мен «ла» – ашық бұуын. Ал «лық», «тар», «дың» – тұйық бұуындар. Ашық бұуынды сөзді зорлап тұйық бұуынға, керісінше тұйық бұуынды зорлап ашық бұуынға айналдырыуға болмайды, онда сөздің табыйғый ырғағы бұзылады: «қы -йын -шы -лық» дегенді «қый -ын -шыл -ық» дейтін болсақ, онда сөзімізде ешқандай әуезділік те, үйлесімді ырғақ та болмайды. Себебі бұуын үндестігі – әр сөздің түп қазығы. Ол бұзылса, сөз де бұзылады. Жұуан дауысты дыбысы бар бұуын жұуан, жіңішке дауысты дыбысы бар бұуын жіңішке бұуын аталады. Мысалы: ба -уыр -лас -тар (жұуан), і -ні -шек -тер -ге (жіңішке), т.с.с. Егер сөздің бастапқы бұуыны жұуан болса, оған жалғанатын келесі бұуын да жұуан болады; ал егер бастапқы бұуын жіңішке болса, келесі бұуын да жіңішке болады. Мысалы: қа -ра -ғай, дә -рі -гер, т.с.с. Дауысты о, ө, ұ, ү дыбыстарына, ­дауыссыз б, г, ғ, д дыбыстарына айақталатын сөздер тілімізде кездеспейді. «О» дыбысына айақталатын «оһо», «охо» деген екі сөз ғана бар. Басқа дауыстылар сөздің басында да, ортасы мен айағында да ­айтыла береді; «атақтылардың бірі», «уәдесіздік», «атты қарт кісі», «шүбә келтіріуге болмас», т.с.с. «Д» дыбысына айақталатын біраз сөз тілімізге дін мен ғылым арқылы енген. Қазақ оларды өз тілінің табыйғатына сай өзгертіп айтып жүр, солай жазғанымыз да дұрыс: арап («араб» емес), Аймұхамет («Аймұхамед» емес), Архыймет («Архыймед» емес), т.с.с. Ал «в», «ф» дыбыстары тілімізге орыс тілі арқылы енгендіктен, орыс сөздерінде, ­орысша жазған аты-жөнде ғана кездеседі: ­вагон, Нұржекейев, фото, шеф, т.с.с. «Ф» дыбысына айақталатын кейбір шет тіл сөздері, үндестік заңына сәйкес, қазақыландырып айтылады және жазылады: ышкап, сейіп, т.с.с. Тек «ң» дыбысының бас әрібі жоқ және сол дыбыстан басталатын сөз де тілімізде жоқ. «Й» және «у» дауыссыздары ­дауысты дыбыстардың алдында немесе ­дауысты дыбыстардың соңында ғана айтылады және ­солай жазылады. «Й» әрібі санаулы сөздерде ғана сөз басында жазылады: «Йоллығ тегін», «Йасауи», «Йағный», «Йакыи», ал сөз ­ортасында, соңында жіиі айтылады және солай жазылады: айтыс, сайлау, қарағай, мерей, т.с.с. Ал «у» дауыссызы сөздің басында, ­ортасында және соңында айтыла да, жазыла да береді: ауқат, қарыу, т.с.с. Басқа дауыссыз дыбыстың бәрі сөз ­басында да, ортасы мен айағында да айтыла береді: кәсіпкер, талғампаздар, қыйыншылық, үгіт-насыйхаттар, қаһарман, һәм, уақыт, т.с.с. Қазақ тілі – жалғамалы тіл. Сөздері дыбысқа дыбыс, бұуынға бұуын, түбірге қосымша үндесіп жалғаныу арқылы жасалатын тілді жалғамалы тіл дейміз. Бірде-бір қазақ сөзі қатарынан келген екі дауыссыз дыбыстан да, дауысты дыбыстан да басталмайды. Ол – ­дыбыс үндестігінің талабы. ­Мысалы: тыныштық («тныштық» емес), кішкене («кшкене емес»), быйыл («бйыл» емес), кійім («кйім» емес), т.с.с. Қазақ тілінің дұрыс сөйлеу және дұрыс ­жазыу негізі үндестік заңы бойынша қалыптасқан. Ол заң бойынша қазақ сөздерінде дауыс екпіні әр сөздің тек соңғы бұуындарына ғана түседі. Сондықтан ол созымды әуезбен айтылады: Бізді -ің ауылды -ың адамдары -ышетіне -ен өнерлі -і. Дыбысқа дыбыстың, бұуынға бұуынның, түбірге қосымшаның не жұуан, не жіңішке болып үндесіп жалғаныуын үндестік заңы дейміз. Дыбыстың, бұуынның, сөздің, түбір мен қосымшаның, сөз тіркесі мен сөйлемнің дұрыс айтылыуы мен дұрыс жазылыуы үндестік заңы арқылы анықталады. Бұл заң, әсіресе шет тілден енген сөздерді қабылдаудың қарауылы. Мәселен, орыс тілінде «область» деген сөз бар, оны біз облыс деп жазып жүрміз. Тексеріу үшін бұуынға бөліп көреміз: «об -лыс»: Қазақ тілінде «об» деген бұуын болмайды. Демек, дұрыс емес. «О -блыс» деуге де келмейді. Ендеше, дұрысы «о -бы -лыс» болыу керек. «Министр» сөзін алайық. Қазақ тілінде «ми – нистр» деген бұуын да болмайды. Дұрысы – «мі -ніс -тір». «А -раб» сөзі де «а -рап» болыуға тійіс, т.с.с. Үндестік заңының басты шарты – тілдің табыйғый қалпын сақтау және сөз бен сөз тіркесін созымды, жұмсақ, белгілі бір ырғақпен айтыуды қамтамасыз етіу. Әрбір сөздің одан ары бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз. Өзі жалғанған сөзден жаңа мағыналы сөз жасайтын немесе сөз бен сөзді байланыстырыу үшін жалғанатын сөз бөлшегін қосымша дейміз. Ол түбірге де, атау сөзге де; нысанның санын, түр-түсін, мінез-құлқын, сыр-сыйпатын, іс-қыймылын білдіретін сөздің бәріне де үндестік заңына сәйкес жалғанады. Қосымша екі түрлі болады: бірі – жұрнақ, екіншісі – жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына береді. Мысалы: «мал» сөзі түлікті білдірсе, «мал -шы» оны бағатын адамды білдіреді. Мыналар да сол сыйақты: төре -шіл, арба -кеш, талап -ты, т.с.с. Жұуан түбірлі сөзге жұрнақ та негізінен жұуан, жіңішке түбірге жіңішке болып жалғанады. Мысалы: қала -лық, өлке -лік, аурұу -шаң, жейде -шең, қора -лас, қой -шы, төсе -ніш, біл -гір, ел -шіл, т.с.с. Жұрнақтың көбі дауыссыз дыбыстардан басталады. Дауысты дыбыстан басталатын жұрнақ одан әлдеқайда аз. Дауыссыз дыбыстардан басталатын жұрнақтың біразы мынау: -шы, -ші: сыйыр -шы, күй -ші, т.с.с. Жұуан бұуынға – шы, жіңішке бұуынға – ші жалғанады. Бұлар – дауысты дыбысқа айақталған сөзге де, қатаң немесе ұйаң дауыссызға айақталған сөзге де жалғана беретін әрі өнімді, әрі бейтарап жұрнақтар: төре -ші, хат -шы, үй -ші, жау -шы, ел -ші, бас -шы, күй -ші, т.с.с. -шыл, -шіл: ауыл -шыл, жаңа -шыл, жік -шіл, заң -шыл, т.с.с. Бұлар да бейтарап жұрнақтарға жатады. -тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік: сақ -тық, еп -тік, жаз -дық, ел -дік, бай -лық, ер -лік, т.с.с. Қатаң дауыссызға айақталған сөзге қатаңы (-тық, -тік), ұйаңға айақталған сөзге ұйаңы (-дық, -дік) жалғанады. Ал -лық, -лік жұрнағы дауысты дыбысқа айақталған сөзге ғана жалғанады: қала -лық, Ақ -төбе -лік, бала -лық, кіші -лік, т.с.с. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: айт -қыш, теп -кіш, жаз -ғыш, біл -гіш, сана -ғыш, теңе -гіш, т.с.с. -қыш, -кіш тек қатаң дауыссыз дыбысқа айақталған сөзге жалғанса, -ғыш, -гіш жұрнақтары дауысты дыбыс пен ұйаң дауыссызға айақталған сөздерге жалғанады. -қан, -кен, -ған, -ген: айт -қан, кес -кен, ала -ған, көре -ген, көр -ген, т.с.с. -қан мен -кен тек дауыссыз дыбыстарға айақталған сөзге жал­ғанса, -ған мен -ген дауысты мен дауыс­сызға айақталған сөздерге де жалғана береді. -шақ, -шек, -дақ, -дек, -мақ, -мек, -сақ, -сек, мақтан -шақ, көңіл -шек, шұуыл -дақ, гүуіл -дек, ал -мақ, кел -мек, қатын -сақ, келім -сек, ала -шақ, бере -шек, сана -мақ, еле -мек, т.с.с. -шақ, -шек, -мақ, -мек жұрнақтары ­дауысты дыбыстан соң да жалғана берсе, -дақ, -дек жұрнақтары тек дауыссыз дыбыстардан соң жалғанып тұр. Дауыссыз дыбыстан басталатын жұрнақтардың тағы бір тобы мынандай: -тай, -тей, дай, -дей: тас -тай, күміс -тей, шара -дай, нар -дай, түйе -дей, т.с.с. -қыр, -кір, -ғыр, -гір: тап -қыр, өт -кір, ал -ғыр, біл -гір, сайра -ғыр, сөйле -гір, т.с.с. -ша, -ше: сызба -ша, жеке -ше, сызық -ша, белдем -ше, т.с.с. -қы, -кі, -ғы, -гі: арт -қы, кеш -кі, соң -ғы, мана -ғы, бүгін -гі, кеше -гі, т.с.с. -шаң, -шең: бой -шаң, жейде -шең, кійім -шең, т.с.с. -мық, -мік: жылы -мық, желе -мік, т.с.с. -тас, -тес, -дас, -дес, -лас, -лес, -с: ат -тас, кезек -тес, жол -дас, дәм -дес, бауыр -лас, жер -лес, ойла -с, сөйле -с, т.с.с. -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі: атақ -ты, көрік -ті, ақыл -ды, білім -ді, сый -лы, тәрбійе -лі, т.с.с. -тау, -теу, -дау, -деу, -лау, -леу: қыйас -тау, мүйіс -теу, қалың -дау, бүтін -деу, жылы -лау, жійі -леу, ала -лау, т.с.с. -сыз, -сіз: ақыл -сыз, тійім -сіз, тыйым -сыз, бала -сыз, төре -сіз, кійім -сіз, т.с.с. -т: тоқта -т, төрле -т, ойна -т, бійле -т, т.с.с. -уық, -уік: жыла -уық, сөйле -уік, күйре -уік, т.с.с. Бұлар тек дауысты дыбысқа айақталған сөздерге ғана жалғанып тұр. -па, -пе, -ба -бе, ма, -ме: айт -па, кет -пе, қон -ба, көн –бе, бар -ма, кел -ме, т.с.с. -қ, -к: айтпа -қ, кетпе -к, барма -қ, келме -к, т.с.с. Бұлар -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарынан кейін жалғанып тұр. Ал сырғана -қ, ойна -қ, күре -к, үйме -к сөздерінде дауысты дыбыстан кейін жалғанған. -р: бара -р, сөйле -р, т.с.с. Бұл жұрнақ тек дауысты дыбыстарға айақталған сөзге жалғанады. Дауысты дыбыстардан басталатын жұрнақтар мыналар: -ық, -ік: тамыз -ық, еміз -ік, т.с.с. Үндестік заңының талабына сәйкес, бұл жұрнақтар тек дауыссыз дыбыстарға айақталған сөздерге ғана жалғанады. -ып, -іп, -п: бар -ып, кел -іп, байла -п, ійле -п, т.с.с. -ып пен -іп дауыссыз дыбысқа айақталған сөздерге жалғанса, -п тек ­дауысты дыбыстарға айақталған сөздерге ғана жалғанады. -ыу, -іу, -у: айт -ыу, біл -іу, ойна -у, шірі -у, құры -у, т.с.с. -у жұрнағы тек дауысты ­дыбыстан кейін жалғанса, -ыу, -іу жұрнақтары дауыссыз дыбысқа айақталатын сөздерге ғана жалғанады. -ар, -ер: тұр -ар, жүр -ер, бар -ар, сөйле -р, т.с.с. -ақ, -ек: тұр -ақ, ор -ақ, бөл -ек, т.с.с. Бұлар тек дауыссыз дыбысқа айақталатын сөзге жалғанады. Көп сөзге жалғанатын өнімді және аз ғана сөзге жалғанатын өнімсіз жұрнақтар болады. Түбірге немесе басқа сөзге бір жұрнақтан кейін тағы бірнеше жұрнақ жалғана береді: оқы -р -ман, көр -ер -мен; қой -шы -шыл, ән -ші -шіл; сақ -тан -шақ -тау, ерін -шек -теу; ор -ақ -шы, күре -к -ші, айт -па -с, көр -ме -с, аң -шы -лық, ән -ші -лік, т.с.с. Егер сөздің соңғы дыбысы қатаңға айақталып тұрса, ал оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы дауысты ­болса, онда сөздің соңғы дыбысы ұйаң дыбысқа өзгереді. Ол – үндестік заңының ерекшелігі. Мысалы: бақ +ыу = бағыу, төк +іу = төгіу; ақ +ады = ағады, жек+еді = жегеді, тап + ады = табады, теп + еді = тебеді, қап + ады = ­қабады, т.с.с. Үндестік заңының талабы бойынша, түбірдің жұуан, жіңішкелігіне қарай оған жалғанатын жұрнақ та соған үндесе, үйлесе жалғанатыны – негізгі заңдылық. Алайда оған толық және жартылай бағынатын жұрнақтар да бар. Мәселен, «ойын -паз», «өнер -паз», «білім -паз» сөздерінде -паз жұрнағы түбірдің жұуан, жіңішке болғанына да, сөздің қатаң не ұйаң дыбысқа айақталғанына да қарамастан, өзгермей жалғанып тұр; -қор жұрнағы да сондай: жала -қор, пәле -қор; -хана жұрнағы да осындай топқа жатады: кітәп -хана, ойын -хана, ас -хана, әжет -хана, -гөй жұрнағы да үндестік заңына бағынбайды: ақыл -гөй, дана -гөй. Аз ғана сөзге жалғанатын мұндай өнімсіз жұрнақтар тілімізге теріс әсер ете алмайды, кейбірі бір сөзде ғана кездеседі: бала -қай, мейір -бан. Түбірдің жұуан, жіңішкелігіне қарай өзгермегенмен, түбірдің соңғы дыбысына үйлесе не қатаңдап, не ұйаңдап жалғанатын жұрнақтар да бар. Мәселен, -кер, -гер жұрнағы: айла -кер, тәлім -гер, айтыс -кер, қалам -гер, кәсіп -кер, зер -гер; -тікі, -дікі, -нікі: көп -тікі, жат -тікі, мал -дікі, үй -дікі, қала -нікі, кеме -нікі, т.с.с. Жалғамалы тіл болғандықтан, қазақ тілінде жұрнақтың көп болыуы – заңдылық. Көркем, бейнелі, астарлы, әуезді, алыуан құбылтып сөйлеуге жұрнақтар өте көп ықпал етеді. Жеке тұрғанда дербес мағынасы болмағанмен, кей жұрнақтар мағыналы сөздер секілді бір-бірімен бірмән, көпмән, кермән бола алады. Мысалы, «жас -тау» сөзіндегі -тау жұрнағы мен «бас – тау» сөзіндегі – тау жұрнағының айтылыуы бірдей болғанмен, екеуінің сөз мағынасын өзгертіудегі қызметі екі басқа. Бірінші -тау жұрнағы сөзге кішірейткіш мағына беріп тұрса, екінші -тау сұудың басталар көзін білдіріп тұр. Бұл кәдімгі көпмән сөз секілді. Тағы бір мысал: айтылыуы бірдей, ал мағынасы әр басқа «ата -тай», «апа -тай», «аға -тай», «қалқа -тай» сөздеріне «кім?» деген сұрақ қойылса; «ат -тай», «тас -тай», «құрт -тай» сөздеріне «қандай?» деген сұрақ қойылады. ­Демек, -тай жұрнағы – көпмән жұрнақ. «Баға -лау» мен «бала -лау» сөзіндегі -лау да көпмән жұрнақ. -па, -пе, -ба, -бе, -ма, -ме жұрнақтары өзі жалғанған сөзге әрі жаңа мағына береді, әрі оны көпмән сөзге айналдырады: «тарт -па» сөзінің бір мағынасы әлденені өзіңе қарай тартпа дегенді білдірсе, бір мағынасы үстелдің сұуырмасын білдіреді, екеуінің айтылыуы бірдей болғанмен, мағыналары әр басқа. Солай жасалған көпмән сөз тілімізде біршама: тос -па, кес -пе, тұн -ба, көм -бе, хабарла -ма, байанда -ма, көр -ме, т.с.с. Ал «оқыу -шы» сөзіндегі -шы мен «оқыр -ман» сөзіндегі -ман бір-біріне мағыналас сөздер жасайды, бұл жұрнақтарды бірмән жұрнаққа жатқызыуға болады. «Көріу -ші», мен «көрер -меннің» де жағдайы сондай. «Ақыл -шы», «ақыл -ман», «Біл -гіш» пен «білер -мен» сөзіндегі жұрнақтар да, сондай-ақ «бота -қан», «құлын -шақ», «бала -қай», «қалқа -тай» сөздеріндегі жұрнақтар да айтылыуы әр басқа болғанмен, мағыналары бір-біріне жақын, бірмән жұрнақтар. Сол секілді «айт -қыш», «айт -пас», «тап -қыр» мен «тап -пас» және «көр -гіш», «көр -мес» сөздеріндегі жұрнақтар бір-біріне қарсы мағынада қолданылады, демек, олар – кермән жұрнақтар. Бұған қарағанда, жұрнақтарды мүлде мағынасыз қосымша деуге ­болмайды. Сондықтан оларды қалай болса солай қолданыуға да болмайды. Жалғау – сөз бен сөзді байланыстырып тұратын қосымша. Түбірге жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады.Үндестік заңына сәйкес, жұуан бұуынды сөзге жұуан, жіңішке бұуынды сөзге жіңішке бұуынды жалғау жалғанады. Қазақ тілінде жалғау төрт топқа бөлінеді. Біріншісі – көптік жалғау. Ол түбірге басқа жалғаулардан бұрын жалғанады. Және ­ны­санның көп, бірнешеу екенін білдіреді. Көптік жалғауы – алтау: -тар, -тер, -дар, -дер, -лар, -лер: ағаш -тар, шөп -тер, адам -дар, көл -дер, тау -лар, үй -лер, т.с.с. Жалғыздықты білдіретін санаулы сөздерден кейін тұрған сөзге көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы, «бір тас аз болады»; «Бір тас -тар аз болады» деуге болмайды, «бір ғана адам» («адамдар» емес), «жалғыз терек», «әрбір азамат», «бірде-бір оқыушы», «бірден-бір күуә», «ешбір оқырман», т.с.с. Сондай-ақ көптікті білдіретін сандар мен сөздерден кейін тұрған сөзге де көптік жалғауы жалғанбайды: «қырық кәсіпкер», «жүз шапан», «мың теңге», «бес ағаш», «көп адам», «қыйсапсыз ойын», «барлық ел», «барша жұрт», «сансыз балық», «сан жетпейтін шіркей», «бүкіл аймақ», «көптеген жәдігер», «толып жатқан қалдық», т.с.с. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтарына көптік жалғау жалғаныу арқылы заттық мағынаға ійе болып тұрған сөздерге бұл екі ереже де әсер етпейді. Мысалы, «Бір ғана кеткендердің саны әжептәуір», «Бірде-бір сөйлегендер оны айтпады» «Барлық жыйналғандарға қарап», «Бүкіл қайтқандарға арнап», «Барша келгендер», т.с.с. Екіншісі – септік жалғау. Ол «атау», «ілік», «барыс», «табыс», «жатыс», «шығыс», «көмектес» деген жеті септікке бөлінеді. Іс жүзінде бұлар – алты түрлі жалғау, өйткені «атау» септігінде тұрған сөзге ешқандай жалғау жалғанбайды. Септік жалғауының бәрі атау сөзге үндестік заңына сәйкес жалғанады: халық -тың, көгөніс -тің, ауыл -дың, ел -дің, жауын -ның, ешкі -нің; халық -қа, көгөніс -ке, бала -ға, ел -ге; халық -ты, көгөніс -ті, адам -ды, ел -ді, бала -ны, ешкі -ні; халық -та, көгөніс -те, адам -да, кісі -де; халық -тан, көгөніс -тен, жауын -нан, ешкі -ден, қала -дан, кеме -ден. Тек көмектес септігінің жалғауы ғана үндестік заңына жартылай бағынып, қатаң дыбысқа біткен түбірге қатаң дыбыстан ­басталатын, ұйаң дыбысқа біткен түбірге ұйаң дыбыс­тан басталатын жалғау жалғанғанмен, жұуан бұуынды сөзге де, жіңішке бұуынды сөзге де жалғау тек жіңішке бұуынмен жалғанады: халық -пен, көгөніс -пен, ат -пенен, шөп -пенен, адам -мен, ел -мен, айыр -менен, желім -менен, қала -мен, дала -мен, т.с.с. Үшіншісі – жіктік жалғау. Ол үш жақта жалғанады. Бірінші жақ: «Мен қонақ -пын», жүйрік -пін, араз -бын, кербез -бін, бала -мын, бөле -мін; екінші жақ: сен қонақ -сың, бала -сың, жүйрік -сің, бөле -сің; үшінші жақ: ол – қонақ, жүйрік. Үшінші жаққа жіктік жалғауы жалғанбайды, тек дауыс екпінімен ғана ­ажыратылады. Төртінші жалғау тобы – тәуелдік жалғау. Ода да үш жақта айтылады, біріншісі – менің ұлт -ым, үй -ім, айла -м, береке -м; екінші жағы: сенің ұлт - ың, үй -ің, айла -ң, береке -ң; үшінші жағы: оның ұлт -ы, үй -і, айла -сы, береке -сі, т.с.с. -қ, к, п дыбысына айақталған сөзге -ы, -і тәуелдік жалғауы жалғанғанда, сөздің соңғы дыбысы, үндестік заңының ерекшелігіне орай, қатаң дыбыстан ұйаң дыбысқа (г, ғ, б) өзгереді: қайық -ы = қайығы, жүрек - і = жүрегі, кітәп -і = кітәбі, талап -ы = талабы, т.с.с. Тек «қазақ» сөзіне«-ы» жұрнағы жалғанғанда «қ» дыбысы «ғ» дыбысына өзгермейді, ал «-ы» жалғауы жалғанғанда, «қазағы» болып өзгереді. Сөзге барлық жалғау үндестік заңын бұзбай жалғанады. Ал көптік жалғау түбірге кей жұрнақтан бұрын да жалғана береді: қарттар -дікі, гүлдер -дікі, балалар -шыл, қойлар -сыз, түймелер -сіз, т.с.с. Үндестік заңы жазыуға ғана емес, сөйлеуге де әсер етеді. Сондағы басты талабы – жатық, жұмсақ сөйлеуді жүзеге асырыу. Мысалы, «баралмаймын» дейміз, бір «а» дыбысы айтылмайды. «Ойран ғылдым», «шұғыл гелдім», «бәле ғылады», «зерег еді», «қарыу-жарағ екен», т.с.с. Бұлар – дұрыс сөйлеу нормасы. Алайда мұндай сөз тіркестеріндегі әрбір сөз жеке тұрғандағы тұлғасына сай өзгермей жазылады: «бара ­алмаймын», «ойран қылдым», «шұғыл келдім», «бәле қылады», «зерек еді», «қарыу-жарақ екен», т.с.с. Жұрнақ пен жалғау жалғамалы тілдің ­негіз­гі байлығы болып табылады. Тілдің, сөздің мәденійеті, дамыуы, әуезділігі соларды дұрыс, та­быйғатын бұзбай қолданыуға тікелей ­байланысты. Сөздердің белгілі бір ойды, іс-қыймылдың жағдайын байандайтын жүйелі құрылымын сөйлем дейміз. Мағыналық сыйпатына қарай сөйлем үшке бөлінеді: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем және лепті сөйлем. Сөйлемнің әрбір сөзі жеке жазылады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен еркін тіркесіп бай­ланысады. Йағный сөздердің орнын қажетке қарай ауыстырыуға, кейбірін басқа сөзбен алмастырыуға да болады. Мысалы, «Мен бүгін өз үйіме келдім» дегенді «Бүгін мен таңертең өз отбасыма оралдым» деуге, тағы басқаша өзгертіуге болады. Ал тіркестің ешбір сөзін басқа сөзбен алмастырыуға болмайтын; ауыстырсаң, мағы­на­сы бұзылып кететін сөз тіркесін тұрақты сөз тіркесі дейміз. Мәселен, «сұу жұқпас» деп құу, өтірікші адамды айтады. Егер тіркестегі «сұу» сөзін де, «жұқпас» сөзін де басқа сөзбен алмас­тырсақ, ондай мағына бермейді. «Қойан жүрек» деп қорқақты айтады. Ондай тіркестер сөздің әсерлі, мәнді болып шығыуына ықпал етеді. Тұрақты сөз тіркестері – тіл байлы­ғы­ның көрсеткіші. Оларды шешендер, ақын-жыраулар, ел басқарыушылар кеңінен қол­дан­ған. Біраз мысал: «тепсе, темір үзеді» (күшті, жас); ай десе, аузы; күн десе, көзі бар» (сұлыу);«аузын ашса, көмекейі көрінеді» (адал), «тартсаң, түгі шығады» (шүйгін жер); «құу бастан құуырдақ алған» (құу, сараң); «сай сүйе­гіңді сырқыратады» (қатты әсер етеді), т.с.с. Жұрнақ пен жалғау тұрақты сөз тіркесінің ең соңғы сөзіне жалғанады. Мысалы: «аузынан ақ ійт кіріп, көк ійт шыққан -ға» жолықтым» ­деуге болады, ондағы -қан – жұрнақ, -ға – жалғау. Бүкіл тіркес бір ғана сөз секілді, йағный бәрі бірігіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі саналады. Мұндай сөздерді арнайы термінмен бейнесөз десе, жарасады. Сөйлемді құрап тұрған сөздің бәрі сөй­лем мүшесі болады, олар – бесеу: бастауыш, байан­дауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысық­тауыш. Қазақ тілінде сөйлем мүшелерін еркін алмастыра беріуге болмайтын тұрақты сөйлем де бар. Оларға мақал мен мәтел, жұмбақ пен жаңылтпаштар жатады. Мәселен, «Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» деген жұмбақтың әр сөзін басқа сөзбен алмастырыуға болмайды. Өйтсек, ол жұмбақ болмай қалады. Сондай-ақ «Батаменен ер көгерер, жаң­бырменен жер көгерер» деген мақал мен «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» деген мәтелдің де, «Құрықтан құлдырап түстім, сырықтан сылдырап түстім, жаңқасы кірді саныма» деген жаңылтпаштың да әр сөзін басқа сөзбен алмастыра беріуге болмайды. Бәрі – тұрақты сөйлемдер. Жұрнақ пен жалғау бұлардың да тек соңғы сөзіне жалғанады: «Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтедінің» шешіуін айтшы!», т.с.с. Сөйлем ішіндегі әрбір мағыналы сөз де, ол сөзге үстеме мағына беретін сөз де; өзінің толық мағынасы болмағанмен, мағыналы сөздің шылауында жүретін көмекші сөз де ­жеке-жеке жазылады. Мағыналы бір ғана сөзді жай сөз, екі ­немесе бірнеше сөз бірігіп бір мағына беріп тұрса ­немесе бір ғана нысанның атын, сыйпатын білдіріп тұрса, ондай тіркесті күрделі сөз дейміз. Мысалы, «батыр», «ақылды», «келді», «отыз», «әдемі» – жай сөздер. Ал «бара ­жатыр», «Керғұла атты Кендебай», «Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр», «көріп келеді», «отыз шақты», «әдемі қыз», «бүгінге дейін», «өте қатты кетті» – күрделі сөздер. Әр сыңары бөлек жазылады. Бірнеше түбір сөз бірігіп бір ғана нысанның атын не іс-қыймылды білдіріп тұрса, ондай сөзді көп түбірлі сөз дейміз. Көп түбірлі сөздің екі түрі болады. Бір-бірімен табыйғый тұлғасын өзгертпей қосылған, бір ғана ұғымды білдіретін көп түбірлі сөз бірегей сөз болады. Мысалы: «ыйманжапырақ»; «ержүрек», «сұужүрек», «әудемжер», «Майтөбе», «Ақыртас», «таусоғар», «көлжұтар», «ашкөз», «желайақ», т.с.с. Ал бір ғана нысанның атын не іс-қыймылды білдіретін көп түбірлі сөздің бір немес одан да көп сыңары өз тұлғасын өзгертіп бірігіп тұрса, оны біріккен сөз дейміз. Мысалы: «қарағаш» (қара+ағаш), «қолғап» (қол+қап), «шегара» (шек +ара), «көгөніс» (көк+өніс), «Зілғара», «Айғанымжан», «алғарагөк», «бүгүн», «быйыл», «бүрсігүні», «алдыңгүні», «Сарарқа», «Сарөзек», «Жаңарқа», «саржайлау», «таңғұурай», «Саржаз», «алғоңыр», «назғоңыр», «Құлагер», т.с.с. Екі сөз қосарлана айтылып, бір ғана нысанның атын, мөлшерін, көлемін, тағы басқа да сыйпатын білдіріп тұрса, ондай сөзді қос сөз дейміз. Мысалы: «тап-таза», «алды-арты», ­«Алматы-Қорғас тас жолы», «он-он бес», «қызыл- жасыл», «отыз-қырық», «темір-терсек», «ілгері-кейінді», «жұп-жұмсақ», «Ақсұу-Жабағылы қорығы», т.с.с. Бір ғана нысанға берілген есім мен меншікті ат жалқы есім деп аталады. Олар бас әріппен жазылады: Елкен, Айғыз, Ақтау, Қаратау, Есіл, «Жетісұу», т.с.с. Күрделі жалқы есімнің әр сөзі бас әріппен жазылады: Бауыржан Момышұлы, Қара Ертіс, Ақ Еділ, Ақ Жайық, Өр Алтай, т.с.с. Қалыптасқан үлгіге байланысты, Жоғары лауазымды білдіретін қызмет аты мен мем­лекеттің, мемлекеттік мекемелердің атын білдіретін күрделі жалқы есімнің бірінші сөзі ғана бас әріптен жазылады: Бас пыракұрор, Мәденійет және ыспорт міністірі, Ішкі істер міністірі, Жазыушылар одағы, Қазақ­стан рес­пұблыйкасының мемлекеттік хатшысы, Қазақ­стан респұблыйкасы пірезійдентінің көмекшісі, т.с.с. Белгілі бір нысандар мен жүйенің, топтың жалпы атауын білдіретін сөзді жалпы есім дейміз. Олар кіші әріппен жазылады: айт, қайт, өзен, тау, тас, кійім, тамақ, кеме, өсімдік, шөп, жеміс, міністір, деректір, ректор, т.с.с. Адамның көңіл күйін, құуанышы мен іре­ні­шін, айрықша сезім сәттерін бейнелейтін сөз­дерді одағай сөз дейміз. Мысалы: «Қап, ұмытып кеткенімді қарашы!», «Мынауың, ойбай-ау, қәте ғой!», «Кеш қалдым-ау, әттең!», т.с.с. Айтыушының көзқарасын, ұстанымын айқындай түсетін оқшау сөз бен сөз тіркесін қыстырма сөз дейміз. Мысалы: «Менің ойымша, сенің қылығың ерсілеу», «Оның қылығы, құдай сақтасын, өте дөрекі», «Ол біздің жағдайды түсінбейтін болар, бәлкім?» Іс-қыймылдың, естілген дыбыстың сыйпатын дәл беріуге тырысқан сөздер еліктеуіш сөздер тобына жатады: «Мылтық тарс ете қалды», «Сұуға күмп бердім». Ондай сөздер көбіне қосарланып айтылады: тарс-тұрс, шаң-шұң, былш-былш, қорқ-қорқ, т.с.с. Ойымыз бен пікірімізді кімге айтып тұрғанымызды білдіретін сөзді қаратпа сөз дейміз: «Балам, бүгүн үйде болайық», «Сөзіңді, шырағым, дұрыстап айтшы!», «Мұның не, бәтшағар?», т.с.с. Тіліміздегі сөздер мен дыбыстардың сөйлем ішінде дұрыс айтылыуы мен дұрыс жазылыуын үйлесімді етіу үшін, түрліше тыныс белгілер мен айрықша белгілер қолданылады. Мысалы, хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.), сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?), ал лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!), ал күрделі сөйлемдер мен күрделі ойларды бір-бірінен ажыратыу үшін үтір (,) белгісі қойылады. Сөйлемнің барлық түрі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем де, сөйлем ішіндегі ой да, пікір де күрделі деңгейде айтылғанда, ой мен пікірді даралау үшін, сөйлем арасында нүктелі үтір (;) белгісі қосарлана қойылады. Мысалы: «Басқа халықтардың әдет-ғұрпы да, салт-дәстүрі мен қонақжайлығы да бір басқа; ал қазақтың әдет-ғұрпы да, қонақжайлығы мен салт-санасы да олардан бір басқа». Сондай-ақ бірыңғай сөздердің алдында жалпылауыш сөз болса, одан кейін қос нүкте (:) қойылады: «Біздің жейтін көгөнісіміз мыналар: сәбіз, пыйаз, қызанақ, қыйар, бүлдірген, таңғұурай». Қыстырма сөз бен одағай және қаратпа сөздер, сөйлемнің басында келсе, соңынан; ортасында келсе, екі жағынан; соңында келсе, алдынан үтірмен ажыратылады: «Менің естігенім бойынша, оның кінәсі жоқ». «Оның түрі, ойбай, адам шошырлық», «Тірі жүрсем, анашым, ақ сүтіңді ақтармын», т.с.с. Сөз арасында бұлжытпай жеткізген біреу­дің сөзін төл сөз дейміз. Ол бір сөзден де, тұтас бір сөйлемнен де тұрады. Төл сөз бастал­ғанда, тырнақша ашылады; біткенде, жабылады: («...»). Төл сөз қандай сөйлемнен құралса, соңынан сол сөйлемнің тыныс белгісі қойы­лады. Тек хабарлы сөйлемнің соңынан үтір қойы­лып, тырнақша ­жабылады: ­Мысалы, «Ол бәрімізге: «Ауызбірлікте болыңдар! Құдайдан қо­рық­пайсыңдар ма?» деп сәлем айтыпты. «Елдің бәрі: «Бірге барамыз, бірге көреміз» деп жүр». Көріп отырғанымыздай, төл сөз бен жет­кі­зіушінің сөзі бір-бірінен алдыңғы жағы­нан қос нүкте қойылып және тырнақша ашылып; ал төл сөздің соңынан тырнақша жабылып және сызықша белгісі қойылыу арқылы оқшауланады. Біреудің сөзін өз сөзімен мағынасын сақтап қана айтса, ол төлеу сөз болады, ол қосымша белгілермен оқшауланбайды. Ғылымый шығармаларда өз пікірін дәлел­деу үшін, өзге ғалымдар мен тұлғалар­дың пікірін сөзбе-сөз пайдаланыуды сөздәйек дейміз. Ол да төл сөз секілді алды-артынан тырнақшамен оқшауланады. Ол пікірді қай кітәптен, оның қай бетінен алынғанын және басқа да дерегін көрсететін сілтеме екі жағынан жақша белгісімен (......) оқшауланады. Мәселен, «Абай атамыз: «Еңбек етсең, ерінбей, тойады қарның тіленбей» деген ғой» («Шы­ғар­малары», Алматы, «Жалын» баспасы», 1978 жыл, 78-бет). Сандық мәні бар сөздер сыйпырмен ­жазылса, оған іреттік мән беретін -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарының орнына сызықша белгісі қойылады: 1991 жыл, 17 желтоқсан, ХХІ ғасыр, т.с.с. Ал егер ондай сөздерге жалғау жалғанса, екі араға сызықшадан қысқа ­сызбаша белгісі қойылады: «7-ге келдім; «10-нан астым»; «10-ның орнына 15-ті жаз», «тамыздың ­10-ында», т.с.с. Сөйлемдегі іс-қыймылдың ійесін білдіріп тұрған сөз (бастауыш) бен іс-қыймылдың қалай орындалғанын білдіріп тұрған сөз ­(байандауыш) бірдей тұлғада айтылып тұрса немесе екеуі тепе-тең мағынаны білдіріп тұрса, сол тепе-теңдік сызықша қойыу арқылы көрсетіледі. Сонда сызықша теңшеу белгісі болады: «Кітәп – ақыл мен ойдың алтын сандығы», «Көркем әдебійеттің басты мақсаты – адамның мәденійеті мен жанын, сезімін тәрбійелеу». Қос сөздің барлық түрі сызбаша арқылы ­жазылады: үлкен-кіші, жүріс-тұрыс, қып-қызыл, Ақсұу-Жабағылы қорығы, шарт-шұрт, гүмп-гүмп, отыз-қырық, арғы-бергі, өте-мөте, әке-шеше, ата-баба, Ертіс-Қарағанды тоғаны, т.с.с. Жазып отырғанда, бір сөздің бөлшегі бір жолға сыймай қалса, оның сыймай қалған бөлігін келесі жолға тасымалдау қәжет болады. Ол үшін сөздің алғашқы бөлігінен кейін сызбаша қойып барып тасымалдау керек. Тасымал әр сөздің бұуынға бөлінетін жерінен ғана тасымалданады. Жалғыз әріппен жазылатын бұуын, тасымалданғанда, жеке жолда қалмауы тійіс. Сондай-ақ адамның аты-жөнін қысқаша белгілеген бас әріптер де бөлек ­жолда қалдырылып тасымалданбайды. Мысалы, «ө-кімет» сөзіндегі «ө»-ні жеке қалдырып тасымалдауға; «М.О.Әуезов» дегендегі «М.О.» дегенді жеке жолға қалдырып тасымалдауға болмайды. Сөзге үстеме мағына беретін -ақ, -ау, -мыс, -міс, -ды, -ді сызбаша арқылы жазылады: кісі-ақ екен, айтады-ау, қыйыпты-мыс, біліпті-міс, болған-ды, көрген-ді, т.с.с. Төл тіліміздің ұлттық табыйғатын сақтау үшін, шетел сөздері екі түрлі жолмен қабылданады. Біріншісі – мүмкіндігінше оған өз тілімізден балама табыу. Мысалы, «сійнөнім» – «бірмән», «омонім» – «көпмән», «антөнім» – «кермән», «орфографыйалық сөздік» – «емле сөздігі», т.с.с. Екіншісі – жал­ға­малы тілдің табыйғатына және оның үндестік заңына сәйкес өзгерте отырып пайдаланыу. Мысалы: мүлтфійлім, кәбійнет, бійзнес, кәмпійт, зауыт, фабрыйка, әртіс, тембір, економыйка, нөл, нөмір, гәзет, махабат, ләзәт, мүде, шарыйғат, пыракұрор, міністір, деректір, т.с.с. Тек «алла», «доллар» деген, тіліміздің табыйғатына салсақ, мағынасы өзгеріп кететін екі сөз ғана өз қалпын сақтап айтылады, жазылады, Тілімізге шет тілден енген сөздің бір түрі – қысқарған сөз. Ол сөздердің бас әрібі мен бірінші бұуынынан немесе бас әріптер мен бұуындардан аралас қысқарады. Дәл бір бұуыннан қысқарыуы да міндетті емес, алғашқы әріптерден қысқартыу арқылы да сөз жасала береді. Мұндағы басты ұстаным – қысқарған сөздердің өз тіліміздің табыйғатына жақын болып тұрыуы. Мәселен, «Амерыйка Құрама Штаты» дегенді АҚШ деп қысқартып, «Ақыш» деп оқып жүрміз. «Штат» дегенді қазақ «ыштат» дейді, «Ақыш» сөзі ол жағынан да өз сөзімізге үндес шығып тұр. Жалпы қысқарған сөздің әр бөлшегін нүкте арқылы жазыу тәжірійбеде бар. Алайда ­­жазыуды әрі жеңіл, әрі жедел жүзеге асырыу үшін, нүктесіз жазыу қалыптасты. Мысалы, «ау.парт.ком», «ау.ат.ком.» демей, «аупартком», «ауатком» деп жазып келдік. Соған ұқсастырып, «обыләкім», «аудәкім», «ауыләкім» деуге ­болады. Негізінен қай сөзді қалай қысқартып отыр­ғанымыз білініп тұрмаса, ондай сөз тілімізге сіңбейді, сондықтан оған тым әуестене беріу тілімізді байытпайды.

ТҮСІНІК

Бұл емленің мақсаты – тіліміздің табыйғый қалпын сақтау. Біз Ахмет Байтұрсынұлы енгізген төте жазыудан 1929 жылы латынға көштік. Ол кезде тіліміздің табыйғаты сақталды. Орыс тілінің әріптері тілімізге енген жоқ. 1940 жылы орыс әліпбійіне көштік. Жалғамалы тіліміздің табыйғатын бұзыу сол кезде басталды. Орыс тіліндегі екі дыбысты бір әріппен белгілейтін ­ереже дыбыс үндестігі мен бұуын үндестігін бұза бастады. Біздің тілімізде бұрын-соңды болмаған ұзын й (и) әрібі ол кезде тілімізде әлі әлсіз еді. 1957 жылы «ы», «й», «і», «й» әріптерінің орнына орыстың «и» әрібін жазыу ережесі енгізілді. Мен ол кезде 9-сыныптамын. Содан бері тіліміздің негізгі заңы саналатын үндестік заңының үні бірте-бірте өше бастады. Оған дейін қалай жазғанымызды еске түсіріу үшін, 1950 жылы шыққан С.Мұқановтың «Менің мектептерім» атты шығармасынан бірер мысал келтірейін: «бійік», «ійе» (78–79-беттер), «сыйақтанды» (9-бет), «шоқыйып» (9-бет), «сыйбан» (23-бет), «таныйды» (27-бет), «тойады», «қыйады» (168-бет), «Өктәбер» (77-бет), т.с.с. Демек, бұл мен жасап отырған емле – бұрынғы өз емлемізге оралыу. Біздегі «у» құсап бір дыбыстың біресе дауысты, біресе дауыссыз болып өзгеріуі әлем тілінің ешбірінде кездеспейді. Әр дыбыс бір-ақ түрлі айтылады, солай жазылады. 1929 жылғы әліпбійде тұңғыш рет қазақ тіліне ғана тән ә, ө, ы, і, кейінірек қ, ұ,ү әріптері белгіленді. Латын әліпбійінде де сол төл әріптеріміздің жазылыуын сақтауды жөн деп білдім. Үстіне қосымша белгі қойыу арқылы бір әріпке екі қызмет жасатыу кезінде арап қәр­пінен бас тартыуымызға басты себеп болған. Ондай қосымша белгілер арқылы жазсақ, «ә», «ө», «ң», т.б. дыбыстар «а», «о», «н», т.б. дыбыстар­дың сыңары сыйақты, дербес дыбыс емес тәрізді көрінеді. Оның пайдасынан, келтіретін зыйаны көп. Оқыушылар орыс тілін қазақ тілімен қатар оқыйтын болғандықтан, Бб, Вв, Ққ әріптерін бұрынғы қалпында жаза беріу жөн деп ойлаймын. «Әріптер емлесі», «Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі», «Бөлек жазылатын сөздер емлесі», «Бірге жазылатын сөздер емлесі», «Дефиспен жазылатын сөздер емлесі», «Бас әріптер емлесі», «Жер бедері,... денелерінің атауларының емлесі» сыйақты тарауларға бөліу, «ботаникалық, зоологыйалық атаулар­дың жазылыуы» деп, жалпы сөзге жататын сөздерді кәсіптік жағынан бөлшектеп қарау – қәжетсіз. Бәрін қазақ сөзі деп қана қарау керек. Қазақ сөзінің емлесі тек қазақ сөзінің қамын ойлап жасалыуы тійіс. Өзге сөздерді қалай жазыу керегін Емле сөздігі, Түсіндірме сөздік, Бірмән және Көпмән сөздіктері мен Кермән сөздігі және Текмән сөздіктері анықтауы тійіс. Ондай сөздіктерді жедел шығарыу – мемлекеттік іс. Шет тілден енген жаңа сөздерді екшеп, іріктеп, баламасын тауып немесе қалай жазылыуын қадағалап отырыу үшін, мемлекеттік деңгейде басшылық жасайтын бір орталық керек. Негізгі заңы үндестік заңы болғандықтан, қазақтың әр сөзі жұмсақ айтылыуға бейім бағыт ұстауы қажет. Сол әрдәйім есте болыуы шарт.

P.S.

Құрметті ғалымдар, ұстаздар және «Ана тілі» гәзетінің оқырмандары! Мына жасаған жобама байланысты сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді күтем.

Ескерту: автордың өз стилі сақталып отыр

13522 рет

көрсетілді

149

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы