• Ақпарат
  • 20 Ақпан, 2020

«Біз де батыр боламыз»

Биыл Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін, біз, балабақша ұжымы, зор ықыласпен қабылдадық.

Қазіргі күннің өзінде балаларға Алтын орда тарихы мен сайын даланы мекендеген ұлы бабаларымыздың ерлік істерін бала тіліне ұғынықты сөзбен жеткізуді қолға алдық. Балалардың рухы айбынды, тәні шымыр болып өсуі үшін олардың бойына батырлық, ерлік, елдік ұстанымдарын сіңіруді бастап кеттік. Осы мақсатта түрлі іс-шаралар өткізіп, батыр бабаларының ерлік істерін насихаттап жүрміз. Түрлі оқиғалар мен өнегелі әңгімелерден қанаттанған балалар да «Біз де батыр боламыз» деп байырғының үлгілі істерін бойға сіңіріп өсіп келе жатқаны қуантады. Іс-тәжірибемізді өзге де әріп­тестермен бөлісу мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы КМҚК «№37 бөбекжай-балабақшасында» «Алтын орда–750 жыл» атты қалалық семинар ұйымдастырдық. Семинарға «Қалалық мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы Лунара Масақбаева және әдіскері Гүлназ Серікқызы, Алматы қаласы­­ның балабақшаларының педагогтартары ­қа­тысты. Олар да бұл бастаманың оң еке­нін қуаттап, болашақта қалалық әріп­тестермен бірігіп жаңашыл, қызғы­лықты басқосуларда Алтын орда тақырыбын кеңінен насихаттау туралы ой-пайымдарын ортаға салды. Семинарды №37 бөбекжай-балабақша­сы­ның мектепалды «Сұңқар» даярлық тобы «Денсаулық» білім беру саласы, Дене шынықтыру оқу қызметі­мен ашты. Семинар аясында балалар жауын­герлік шайқас ойындарын ойнап, қолдарына қылыш ұстап, рухтарын шың­дады. Сарбаздың «бес қаруымен» негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. «Негізгі қимылда» «Жекпе-жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылып, «Ғажайып сәтте» балалар сүйінші сұрап, оларға әжей Алтын орданың төл теңгесін таратты. «Оқу қызмет» сабағының соңына қарай, бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, педагогтар шеберлік сыныпқа қатысты. Семинарда педагогтар өздері тіккен қуыр­шақтарымен қойылым қойып, музыкалық нөмір көрсетті. Алматы қала­сының балабақ­шаларынан келген педагогтар да бұл ойынға қатысып, ­семинарда сөз сөйлеп, бала тәрбиесі мен тарихты насихаттау арқылы патриотизм рухын себу туралы пікір-пайымдарын талқыға салды.

Айнұр Әлімбекова, №37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі

1141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы