• Тіл
  • 04 Маусым, 2020

«Анамның тілі – айбыным менің» байқауының жеңімпаздары анықталды

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда өлшеусіз үлес қосып жүрген ұлт газеті – «Ana tili»-нің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Анамның тілі – айбыным менің» атты публицистикалық шығармалар байқауын ұйымдастырған еді.

Ақпарат айдынында 30 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «Ana tili» газетін қолдау, басылымның Тәуелсіздік жарияланғаннан бергі елдік тұрғыдағы асқан асулары мен рухты қалаулы істерін паш ету, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын арттыру, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін жұртшылыққа кеңінен ­насихаттау мақсатында өткізілген байқауда додаға түскендер қатары аз болған жоқ. COVID-19 індеті өршіп тұрған уақытпен тұспа-тұс келгендіктен, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, құрамында «Аna tili» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсенбек Мағлұмов, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұхаметқали бар қазылар алқасы байқауға онлайн төрелік жасады. Бас жүлдені шығармасы ең үздік деп танылған Қайым-Мұнар Табеев иеленді. Ал І орынды Әли Ысқабай қанжығасына байлады. II орын Роза Сейілханова мен Жомарт Игіманға, ал ІІІ орын Дастан Қастайға, Мөлдір Тұрысбаеваға, Нұрлан Сәрсенбаевқа бұйырды. Төтенше жағдай аяқталса да, ­карантин шараларын сақтау керек бол­ғандықтан, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының ұйғарымымен байқау жүлдегерлерін жекелей марапаттау жөн деген шешімге келді. Айта кетейік, ең үздік деп танылған шығарманы «Аna tili» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

И.СӘТІМ

820 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы