• Білім және ғылым
  • 18 Маусым, 2020

«Елбасы жолымен» кітабының online тұсаукесері өтті

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мерейлі 90 жылдығы аясында шығарыл­ған «Елбасы жолымен» атты кітаптың online тұсаукесері өтті. Бұл кітап ҚазҰАУ Басқарма Төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Тілектес Есполовтың бастамасымен жарық көрді.

Жас ұрпақтың рухани-адамгерші­лік тәр­биесі мен көшбасшы­лық қасиет­те­рін дамытуға бағытталған кітап «Н.Назарбаев феномені» және «Н.Назарбаев: білім-ғылым және ­«Рухани жаң­ғыру» институты» деп ­аталатын екі бөлімнен тұрады. Кітапта Елбасы идеяларын іске асырып отырған университет ұжымының еңбегін көрсететін мақалалар мен фотосуреттер, сонымен қатар оқу орны­мыз­дағы «Н.Назарбаев: білім-ғылым және «Рухани жаңғыру» институты» атқарып отырған өнегелі жұмыстар ­туралы баяндалған. Шара барысында университет ұжымының руханият бағытында атқарып отырған ауқымды жұмыстарынан хабар беретін шағын бейнефильм көрсетіліп, «Елбасы жолымен» кітабының тұсау­кесер рәсімі өткізілді. Тікелей эфирге қатысушылар кітапқа қатысты ойларын ортаға салып, университеттің бүгінгі бағыт-бағдары турасында пікір бөлісті. Оnline тұсаукесерде «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» директоры Әмірхан Рахымжанов, Алматы қаласы Қоғамдық даму Басқармасының басшысы Диас Есдәулетов арнайы құттықтау сөз айтып, Шамалған ауылында Елбасы оқыған Қарасай батыр орта мектебіндегі «Елбасы музейін» ұйымдастырған ардагер-ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Рымкеш Байқонысова ізгі ниетін білдіріп, ұжымға ақ батасын берді. Тікелей эфирде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғалымқайыр Мұтанов, Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының ­директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Есенгелді Медеуов, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бөрібай Жексенбин, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуалиев университет ұжымына ізгі тілегін арнап, «Елбасы жолы» кіта­бының білім жолындағы жастарға беретін рухани өнегесі мол екенін атап өтті. Сонымен қатар Қарасай аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы, ардагер-ұстаз Сағат Мәсімақынов, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының әкімі Ержас Тоқтасынов, Қаскелең қаласындағы Елбасы оқыған Абай атындағы мектеп-­гимназиясы ұжымының атынан тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Әбішева, осы мектеп-гимназиясының биылғы түлегі, «Алтын белгі» иегері Айғаным Сүйменбай өз тілектерін жеткізді. «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қаласы бойынша төрағасы Мәди Ахметов, «Қазақстанның Еріктілер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова және ҚазҰАУ «Н.Назарбаев: білім-ғылым және «Рухани жаңғыру» институтының» жетекші маманы Айнұр Мақсұт жастар атынан сөз сөйледі. Тұсаукесер рәсімі белгілі әнші-композитор, ҚазҰАУ студенттік шығар­машылық орталығының жетекшісі Қанат Әмірхановтың «Нар-Тұлға» әнімен түйінделді.

Н.БАТЫР

1697 рет

көрсетілді

95

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы