• Мәдениет
  • 13 Тамыз, 2020

АЙТУЛЫ ШЫҒАРМАНЫҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube-арнасында көрермен ­назарына ұсынылды.

«Абай жолы­ның» қысқаша мазмұ­ны әр тарау бойынша дайын­дал­ған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммари­дің ұзақтығы – 12-15 минут. Мақсат – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну. «Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз» дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Кішкентай көрерменнің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Massaget.kz сайтының арт-директоры әрі жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – ­Шамшаддин Омаров. «Абай жолы» әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі. «Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша, кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар» дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек. Мазмұн мәтініне шығарманың негізгі бөліктері таңдалып, жазушының тілі мен көркемдік құралдары сақталған. Шығарманың бірінші томындағы тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.

890 рет

көрсетілді

63

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы