• Білім және ғылым
  • 09 Қыркүйек, 2020

Мемлекет келешегін ойлаған құжат

Президент Жолдауын біз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары бастан-аяқ зор ықыласпен тыңдап, әрбір тармағына дейін талқыға салып, рухын бойымызға сіңірдік.

Әсіресе Жолдауда айтылған, кейбір оқу орындарындағы «Білім саласын бизнеске айналдырып алған» жайттарды сын елегінен өткіздік. Жемқорлық пен парақорлық кез келген мемлекет үшін өте қауіпті. Осы қатерлі дерттің білім беру, ғылым саласында орын алуы, мемлекеттің дамуына тигізер кері әсері өте ауыр болады. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірнеше жылдан бері «Таза сессия», «Жеморлықтан арылған университет» акцияларын іске асырып келеді. ҚР Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен 2020 жылдың 19 тамызында «Коррупцияға қарсы күрес мәселесі атты» Кеңесте атап өткен «Жүйелік негізде кор­рупцияның алдын-алу» міндетін орындауға мүмкіндік беретін бірқатар шаралар қабылданды.
Мемлекет басшысының биылғы тарихи маңызға ие жолдауын талқылай келе ұстаздар қауымы жолдау рухын негізге ала отырып, әлеуетті, дамыған Қазақстан құру жолында ұрпақ санасына ақаусыз білім нәрін себуіміз керек екенін тағы да бір санамызға ұялатқандай болды. Жолдаудың негізгі мазмұнынан шығатын қорытынды мынау: әр сала қызметкерлері өз ісінің шебері болса, еліміздің болашағы бұдан да кемел, ұлт мәртебесі бұдан да биік болмақ.
Президент Жолдауында экономикалық, әлеуметтік, ­саяси салаларға қатысты үлкен мәселелерді көтерді, эконо­ми­калық өсімді қалпына келтіру, хал­қымыздың тұр­мыстық жағ­дайын жақсарту, әл-ауқатын арттыру, құқықтарын қорғау және осы салаларға қатысты игі шаралар мен Ұлт жоспарына сай жұ­мыс­тарды жалғастыру қажеттігіне тоқта­лып, Үкімет пен ­Парламент алдына нақты міндеттерді қойды. Пан­демияның екі жылға ­созылу мүмкіндігін ­ескере отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жаңа бітім-болмысына қалыптасып келе жатқан кезеңнің бағытына орай осы бағытта Ұлт жоспарын ұсынды. Біз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаз­дары мен еңбек ұжымы осы Жолдауда айтылған жаңалықтары мен жарқын болашағымызды бекем­деп беретін басты бағыт­тарын басшылыққа ала отырып, Отан алдындағы парызымызды орындауға атсалысуға ұмтыламыз.
Сондықтан баршамыз да Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын ел азаматтарына, әсіресе жас буынға мейлінше насихаттап, ортақ мүдде үшін бірлесе күш жұмсап, жұмыс жүргізе беруіміз керек.

М.Мырзабеков,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім
беру факультетіЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, доцент

774 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы