• Тұлға
  • 19 Қараша, 2020

«АҚЫНМЫН СӨЗІ ЖЕТЕР САН ҒАСЫРҒА...»

Хакім Абайдың 175 жылдығына және Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына арналған аталған аламанға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарынан 10 ақын қатысты. Айтысты ашып берген уиверситет ректоры, айтыс жанашыры Тақир Оспанұлы Оразалы­ның шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдас­ты­рылған барлық шараларға қолдау көрсететін және алдағы жылы Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Халық­аралық студенттер айтысын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Шараның басында сөз алған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман төл өнерімізге қолдау көрсетіп отырған университет ректоры бастаған ұжымға алғысын айтып, жас шайырларға батасын берді. Онлайн айтыстың басында жақында оқу ордамыздың бас­пасынан шыққан университет жастарының «Көктем ғұмыр» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Айтыстың алғашқы жұбы болып айтысқан Қайнар академиясының студенті Расул Сауытбек пен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші курс студенті Алтынай Қанапия залға келіп, қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсетті. Қалған төрт жұп онлайн сөз тартысына түсті.


Жас айтыскерлерге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Халықаралық Одағы» РҚБ Басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мүсірәлі, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Серік Қалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, филология ғылымының ­докторы Темірхан Тебегенов қатарлы сөз ұсталары қазылық етті.
Сөз бәйгесінде дараланып алға шыққан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұрбол Жауынбаевқа Бас жүлде (100 000 теңге) бұйырды. Қыз-жігіт айтысының тамаша үлгісін көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Алтынай Қанапия бірінші орын иеленсе (80 000 теңге), «Қайнар» академиясының студенті Расул Сауытбекке екінші орын (60 000 теңге), Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Жанарыс Тілеубекке және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Данияр Нысанғалиевке үшінші орын жүлдесі берілді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті талантты ақын Бекжан Базарбекке арнайы жүлде табысталды. Айтысқа қатысқан барлық ақын ректордың Алғыс хатымен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Айтысқа ақпараттық қолдау көрсеткен «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпаровқа және «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжанға алғысымызды айтамыз.

Шұғайып СЕЗІМХАНҰЛЫ

815 рет

көрсетілді

65

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы